Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мойыныңыз ауырса нестеу керек?

Мойыныңыз ауырса нестеу керек?

Жаз мезгілінде өтпе желден және салқындатқыштан (кондиционер) мойынымыз ауыратын жағдай туады. Егер мойныңызға жел тиген болса, үйде ем жасап, бұл жағымсыз сезімнен арылуға болады.
Миозиттің (бұлшықеттің қабынуы) белгілері қарапайым: егер мойныңызға жел тиген болса, ол қатты ауырады. Басыңызды жан-жаққа бұрғанда немесе кей жағдайда жай отырғанның өзінде мойныңыз ауыруы мүмкін. Оның себептері әртүрлі болады. Тек жел соққаннан немесе салқындатқыштан емес, сонымен қатар физикалық жүктемеден, тұмаудың асқынуынан, созылмалы күйзелістен болуы да әбден мүмкін.
Егер мойныңызға жел тиген болса, қалай емдейміз?
– Мойныңызды тыныш күйге келтіру. Қозғалыс кезінде мойын ауруы күшейе береді. Егер жұмысыңыз физикалық жүктемемен байланысты болса, бірнеше күнге демалыс алыңыз.
– Тағы бір маңызды жағдай — қыздыру. Арнайы қыздыратын мазь алып қолданыңыз. Мойныңызды бөкебаймен немесе табиғи жүннен жасалған шәлімен ораңыз. Бұл ісікті жылдам кетіруге көмектеседі.
– Қайтадан суық тиюді болдырмаңыз. Өте ыстық күн болса да, кондиционерден бас тартыңыз немесе оның желі сізге тікелей бағытталмауын қадағалаңыз.
– Ұйықтар алдында жасалатын қыздырушы компресстер жақсы көмектеседі. Мысалы, ыдысқа аздаған спирт құйып, сумен араластырып, отқа қыздырыңыз. Қызған ерітіндіге дәкені сулап, мойныңызға басып, сыртынан орамалмен орап, түнге қалдырыңыз. Нәтижесінде, таңертең өзіңізді жеңіл сезінесіз.
– Жағымсыз сезімнен арылу үшін мойныңызға жеңіл массаж жасаңыз.
– Егер мойныңыздың ауруы шыдатпай бара жатса, ауырсынуды басатын дәрі ішіп алыңыз. Бірақ дәрі ішер алдында міндетті түрде дәрігерден кеңес алған жөн.

Ғаламтор көзінен алынды
17 қараша 2019 ж. 1 473 0