Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Моншаның Сіз білмейтін пайдасы

Моншаның Сіз білмейтін пайдасы


Монша ерте заманнан сұлулықты және денсаулықты сақтау үшін жақсы құрал болып саналған. Онда босаңсып, шаршағандықтан арылуға, көптеген оң эмоция алуға, энергиямен зарядталуға, жақсы көңіл күй және тамаша сезім алуға болады.
Монша біздің денемізді, жанымызды және миымызды тазалайды, керек емес ойлардан және қарама-қайшы ниеттерден арылу үшін «Сен моншаға баршы!» деп халық бекер айтпаған. Монша — көптеген халықтарда қолданылатын әртүрлі аурулармен күресудің қуатты құралы.
Ғалымдардың зерттеуіне сенсек, дұрыс ұйымдастырылған моншаның процедурасы қарқынды спорттық жаттығумен бәсекелестікке түсетінін бекітуге болады. Жоғары температура әсерінен, қан белсене айналады және оттегімен қанығады, тазаланады.
Булану адамның жүрек-тамырына жүктемені жоғарылатады, тиімділігі бойынша кардиожүктемеге ұқсас. Атап айтқанда, өмір бейнесінде аз қозғалатын адамдар үшін монша ерекше пайдалы.
Монша және алдын алу
Монша ағзаны тамаша тазартады және бекітеді. Монша процедурасы — суықтың алдын алудың тамаша профилактикасы. Ауаның жоғары температурасы стерилдікке жақын ортаны жасайды. Сондықтан моншада, көптеген келушілер болсада, ешқандай қауіпті бактерия болмайды.
Моншаға тұрақты барғанның пайдасы, тамырларға тамаша нәтижелі әсері бар. Температураның тез ауысуынан, тамырлар кеңейіп және тартылады, сонымен бірге жүрек-тамыры ауруының алдын алу профилактикасын жүзеге асырады.
Монша және сұлулық
Сүйкімді әйелдер, ешқандай қымбат тазалау косметикасы монша тиімділігі бойынша бәсекелестікке түсе алмайды! Бу терінің клеткаларын толық тазалайды және кеңейтеді. Ал моншаның бірнеше процедурасы терінің физиологиялық құрамын көбейтеді, қан айналымын жақсартады және майдың ауысуын реттейді. Сондықтан жақсы балама бар кезде, пәтерде үйдегілерді қорқытып тазартатын маскада жүрудің қажеті жоқ.
Моншаға барған уақытта ағзадан 1,5 литр терге дейін шығады, олармен бірге зиянды тұздар және т.б. Бұлшық еттер стрестен және қатты шаршау салдарынан жиналған сүт қышқылынан арылады. Сондықтан біз моншадан кейін, керемет жеңілдікті сезінеміз.
Монша процедурасынан кімге сақтану керек?
Егер Сіз қандайда бір аурумен, әсіресе созылмалы аурумен ауыратын болсаңыз, мысалы, гипертония, қояншық ауруы, қан аздығы, гепатит, терінің немесе жыныс жүйесінің ауруы, сіз жүрек ұстамасына шалдыққан немесе өзгеде жүрек ауруымен ауырған болсаңыз — Сізге моншаға барудан аулақ болу керек. Біріншіден, дәрігерге барып кеңес алғаныңыз абзал болар. Сонымен бірге көңілді кештерден кейін монша продедурасынан ұстанғаныңыз жөн болар. Ағза ішімдіктің әсерінен кейін тағы бір жүктеме ыстықпен жұптаса алмайды. Моншаға барар алдында төмен калориялы (аздап жемiстерді немесе көкөнiстерді, сүт өнiмдерiн) жеуді ұсынады.
Сыпырғыш — моншаның басты атрибуты
Денені сыпырғышпен жақсылап өңдеу — қан айналымын жақсартатын өте тамаша массаж, қан айналымын, тер шығуды және зат алмасуын күшейтеді. Сыпырғышпен қарқынды сеанс терінің ашылуына және зиянды шлактарды шығаруға әсер етеді. Бірақ қолға түскен бірінші бұтаны сыпырғыш дайындау үшін қолданған дұрыс емес! Әртүрлі аурулардан сақтану үшін «Өз» сыпырғышыңды пайдалануға кеңес береміз. Ең танымал қайың сыпырғышы жүктемеден кейін пайда болған бұлшық еттер және буындар ауырған кезінде өте жақсы көмектеседі. Сонымен бірге қайың сыпырғышы жарақаттар және жаралар кезінде көмектесетін антисептикалық қасиеттерімен танымал. Сонымен бірге қайың сыпырғышы майда қолқаларды кеңейтеді, қақырық бөлінуге әсер етеді және өкпенінің айналымын жақсартады. Қайың сыпырғышынан кейін жеңіл дем алады! Сондықтан ол демікпе ауруымен ауыратын адамдар үшін пайдалы.
Егер Сіздің теріңіз майлы болса — онда Сізге емен сыпырғышы көмектеседі. Теріңіз әдемі және серпімді болады. Сонымен бірге оның суыққа қарсы тиімділігі жоғары. Оның қаныққан хош иісі гипертониктерге өте пайдалы — өйткені артерия қысымының көтерілуіне жол бермейді. Бұл сыпырғыш стреске жақсы көмектеседі. Ауыр еңбек аптасынан немесе жанжалдан кейін бұдан асқан көмек құралы жоқ.
Жөке сыпырғышы — суық тиген кезінде жақсы дәрігер. Ол бас ауырған кезінде тиімді, сонымен қатар қызуды түсіретін және зәрі айдағыш дәрі ретінде табылады. Бұл сыпырғыш тері бөлуді реттейді және суық тиген кезінде алмастырғысыз.
Қылқан сыпырғышы (самырсын, арша) тер шығаруды күшейтеді. Бұлшық еттерде және ішкі органдарда қан айналымын терең жеделдетуге әсер етеді. Омыртқадағы аурулар, буынның қабынуы, радикулитпен ауырған кезінде пайдаланса болады. Оның антисептикалық мүмкіндіктері респираторлар ауруының дамуына жол бермейді.
Қалақайдан жиналған сыпырғыш қарқынды физикалық жүктемеден кейін, бұлшық еттер және буындардың ауырған кезінде өте пайдалы болады.
Осы сыпырғышпен өзіңізді жігерлеп сабаңыз, денеңіздегі жағымсыз сезінулер туралы ұмытып кетесіз. Тек қана сыпырғышты қолдану алдында қайнаған сумен жақсылап булау керек.
Жаңадан келгендер үшiн нұсқаулар
Бұл істе ең бастысы — реттілік. Бірден жоғарғы қатарға шығып және қызуға бой алдыруға болмайды. Алдымен, төмендегі қатарда отырыңыз, ал бес минуттан кейін жоғары көтеріліңіз. Жаңадан келгендер үшін буда болу уақыты бес минуттан артық болмауы тиіс, тәжірибелі келушілер үшін — жарты сағаттан артық емес. Буланумен бірге қосымша пайданы түймедағы, киікшөп, шайшөп, эвкалипт, шалфей шөптерінен жасалған ингаляция береді. Сонымен бірге өз қалауыңыз бойынша эфир майын қолдануға болады. Хош иістен дем алып және ләззаттаныңыз.
Ескерту: Моншаға түсерде асқазанды толтырып алып немесе ашқарынмен баруға болмайды.
03 мамыр 2018 ж. 2 104 0