Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітап оқу – рухани бай болу

Кітап оқу – рухани бай болу

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады. Осыған орай аудандағы Бесарық ауылындағы №147 орта мектепте мектеп кітапханашысы Гаухар Смағұлованың ұйымдастыруымен "Кітап оқып, рухани бай бол" сайысын мектептің 8-10 сынып оқушылары арасында өткізді.

Кітапханашы Г.Смағұлова:
– Әлеуметтік зерттеулер жүргізу қорытындысы бойынша
2018 жылғы талдау бойынша халық арасында кітап оқуға ынтаның төмендігі анықталған. Кітап оқу, зияткерлік бос уақытты өткізу нысандарының бірі ретінде халықтың барлық әлеуметтік - жас және демографиялық топтары арасында кең таралған сабақтар болып табылады. Респонденттердің басым бөлігі – шамамен 1/5 немесе 32,0% сауалнамада күніне 1 сағаттан аз уақыт кітап оқитындығы анықталған. Сұралғандардың тек 5,4%-ы күніне 3 және одан да көп сағат бойы қандай да бір әдебиетті оқиды екен. Сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі – 54,8% «кітап оқымайды» деп жауап берген, – деп іс-шараны өткізудегі мақсат туралы айтты.

Мектеп оқушыларын кітап оқуға машықтандыруда, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыруда мұндай сайыстың маңызы зор. Бұл жолғы шара қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Өлең – сөздің патшасы" тақырыбымен өтті.

Сайыста оқушылар ұлы ақынның өмірі мен өлеңдері туралы көптеген мағлұмат алды. Ақын өлеңдері мен поэмаларынан оқушылар үзінді оқып, кітап оқуға деген ынталарын байқатты. Үздік деп танылған оқушылар ынталандырылды.

Мектептегі әдеби ортаны қалыптастырып, ақын шығармаларына қызығушылық танытқан оқушылар "Абай – дана, Абай – дара" атты кітап көрмесімен танысты.

Б.ЖАНӘЛІ
15 қараша 2019 ж. 1 311 0