Қолтаңбаңыз сіз туралы сыр шертеді

Ең соңғы сызық:
- жоғары – оптимизм;
- төмен – пессимизмге бейімділік;
- тік – мінез тұрақтылығы.
Қолтаңба соңының ұзақтығы:
- шыдамсыз адамның қолтаңбасының соңы өте ұзын болады.
- ал бейқам адамдардың қолының соңғы бөлігі қысқа болады.
Қолтаңбаны сызу:
- төменнен – өзімшілдік, ренжігіштік, өзгелердің мінезіне тәуелділік;
- жоғарыдан – тәкаппарлық, атаққұмарлық;
- қолтаңбаның өзін сызу – өзіне сын көзбен қарап, көңілі толмау, сенімсіздік.
Симметрия белгілері:
- симметрия – тұрақтылық;
- асимметрия – мінездің тұрақсыздығы, көңіл күйдің өзгергіштігі;
- секірмелі – сезімталдық, сабырсыздық.
Қарапайымдылық пен күрделілік:
- қарапайым – адам «менде барлығы дұрыс, еш қиындық жоқ» ұстанымымен өмір сүреді;
- күрделі – түймедейді түйедей етуге дайын;
- бірегей – ерекше шығармашылық қабілет иесі.
Түсініктілігі:
Ашық мінезді адамның қолтаңбасы да оңай оқылады.
Қаламды басу:
- өте қатты – ашушаңдық;
- ақырын – жасырыну;
- қатты – өзіне деген сенімділік.
Ал Сіздің қолтаңбаңыз қандай?