Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қолтаңбаға қарап адам мінезін танып үйренейік...

Қолтаңбаға қарап адам мінезін танып үйренейік...

Қолтаңбаға қарап көрейік: 

1. Қолтаңбаның үлкендігі 
А) кең құлаштылық – ауқымды мәселелерді ғана ойлап, оларды талдағанды жақсы көреді;
Ә) шағын – деректі ұғымдардың аясында ғана ойлайды. 

2. Қолтаңбасының ұзақтығы 
А) барынша созылыңқы – мәселелерді тереңінен ойлайды. Жақын немесе бейтаныс адамдардың ісіне рұқсатсыз араласқанды жақсы көреді; 
Ә) қысқа – мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді. 

3. Қолтаңбасының түрі 
А) дөңгелек – жұмсақ, мінезі жібектей, аса мейірімді, салмақты; 
Ә) әріптерінің бұрыштары үшкір – шыдамсыздық, қатаңдық, тәуелсіздік, қыңырлық. 

4. Қолтаңбаның бағыты 
А) жоғары – оптимизм; 
Ә) төмен – пессимизм; 
Б) біркелкі – тұрақты мінез. 

5. Соңғы таңбаның ұзақтығы 
А) соңғы таңбаның қысқалығы талғамсыздықты көрсетсе, керісінше ұзарта түсетін адамдар байқампаз, жан-жағын үнемі бақылап жүретін жандар. 

6. Қолтаңбаның астын сызу 
А) төменгі бөлігін – кекшілдік, өзін-өзі жақсы көру, өзгелердің пікіріне тәуелділік; 
Ә) жоғарғы бөлігі – мақтаншақтық, атақ-абыройды сүю. 
Б) қолтаңбаның өзін сызу – өз-өзіне көңілі толмаушылық. 

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
17 тамыз 2018 ж. 1 593 0