Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыздарға арналған кішкентай қулықтар

Қыздарға арналған кішкентай қулықтар

«Аяғым ұзын болып көріну үшін не істеймін?», «Арық көріну үшін қалай киінген дұрыс?», «Беті домалақ қыздарға қандай ойығы бар кофта жарасады?» - қыздардың сұлулық жайлы сұрақтары ешқашан таусылмаған. Кейбіріне бүгін жауап табылды.

✅ 1) Ақшыл сары туфли мен қысқа белдемше аяқтарыңызды ұзын етіп көрсетеді;

✅ 2) Жамбастың толықтығын тік пішіндегі шалбарлар мен джинсылар жасырып тұрады;

✅ 3) Егер беліңіз жіңішке, бірақ жамбасыңыз жалпақ болса, онда сізге клеш джинсы мен белге тағылған белдік жарасады;

✅ 4) Киімдегі ұсақ суреттер сырттан кішірейтіп көрсетеді, ал үлкен суреттер керісінше ірілетіп көрсетеді;

✅ 5) Ұзын көйлектер мен белдемшелер бойыңызды қысқартып көрсетеді;

✅ 6) Формасыз киімдер кез келген пішінді бұзып тұрады;

✅ 7) Басы домалақ, өкшесі біздей туфлилер аяғыңызды жіңішке етеді;

✅ 8) Ал басы үшкір туфлилер аяқтарды толықтау етіп көрсетеді;

✅ 9) Қара колготкилер (50 деннен аспайтын) аяқтарыңызды бір-екі келіге азытады, ал қара аяқ-киіммен үндескенде аяқтарыңыз ұзара түспек;

✅ 10) Ашық түсті колготкилер керісінше аяқтарыңызды толығырақ әрі қысқарақ көрсетеді. Бірақ, ақ сары туфлимен ұзынырақ көрінеді;

✅ 11) Мөлдір блузка сырт көзге барлық артықшылықтарыңызды да, кемшіліктеріңізді де көрсететінін ұмытпаңыз;

✅ 12) Егер киімдерді үйлестіре алу қасиетіңіз болмаса, классикалық стильдерге жүгініңіз;

✅ 13) Үш түс ережесі: бейнеңізде үштен артық жасаушы пайдаланбаңыз, әйтпегенде елдің күлкісіне қалуыңыз мүмкін;

✅ 14) Шаш үлгіңіз гардеробыңыздағы киімдермен үйлесуі керек;

✅ 15) Егер бірнеше иіс су пайдалансаңыз, иіс суды киіміңізге сеппеңіз. Иіс бір ай бойы сақталуы мүмкін;

✅ 16) Бет пішіні домалақ қыздарға V-түріндегі ойықтар келеді, ал домалақ ойық сопақ бетті қыздарға жарасады;

✅ 17) Бір ғана стильдегі киімге құмар болмаңыз, әйтпесе бейнеңіз уақыт өте келе қызықсыз болып қалады;

✅ 18) Ботфорты аяқтарды қысқартып көрсетеді;

✅ 19) Футляр пішінді көйлек арық қыздарға да, толық пішінді қыздарға да жарасады. Бірақ жіңішке белді және биязы жамбасты қыздардың үстінде тіпті керемет көрінеді.
04 қараша 2019 ж. 1 202 0