Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САЛЫҚ: ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ ЕЛДІҢ ӨСУІМЕН ӨЛШЕНЕДІ

САЛЫҚ: ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ ЕЛДІҢ ӨСУІМЕН ӨЛШЕНЕДІ


ХАЛЫ
ҚТЫҢӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ САЛЫҚ ТҮСІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ. МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ – ХАЛЫҚТЫҢӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН БЮДЖЕТ КІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ КӨҢІЛДЕГІДЕЙ БОЛУҒА ТИІСТІ. СОНДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТІМІЗ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУІН ҚАДАҒАЛАП, ОНЫҢ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АЙНАЛУЫН БАСТЫ НАЗАРДА ҰСТАП ОТЫР. САЛЫҚҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ- САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ХАЛЫҚҚА ТҮСІНДІРУ, НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢӨЗІНЕ ҚАТЫСТЫ САУАТТЫЛЫҒЫН КӨТЕРІП, ЖАУАПКЕРШІЛІК СЕЗІМІН ОЯТЫП, ҚОҒАМНЫҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕСІ РЕТІНДЕ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІ БАР АЗАМАТ ЕКЕНДІГІН ҰҒЫНДЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОСЫ ОРАЙДА, СЫРДАРИЯ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БІРШАМА БЕЛЕСТЕРДЕН ӨТТІ. ОҚЫРМАНДАР НАЗАРЫНА АУДАН БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ӘБДЫҚАЛЫҚОВ МҰХАМЕДИЯР САҒАТБЕКҰЛЫМЕН СҰХБАТТЫ ҰСЫНАМЫЗ.
– М
ұхамедияр Сағатбекұлы, мемлекеттің бюджеті салықтан тұратыны белгілі, осы орайда 2017 жылды қалай аяқтадыңыздар, салықтың орындалуы туралы әңгімелесеңіз?
 Маңызды мемлекеттік құрылымға санала- тын мемлекеттік кірістер органдары салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етеді. Салық – еліміздіңәлеуметтік-экономикалықөсіп-өркендеуінің тұрақты кепілі саналатынын ескерсек, халқымыздыңәл-ауқатының жақсаруы, осы салықтық түсімдердің көлеміне байланысты екендігін ұғынамыз. Еліміздің экономикасы шикізатқа негізделгендіктен, одан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің көлемі күрт азайғандығы жасырын емес. Осы орайда, қосымша кіріс көзін ұйымдастыру, барды ұқсату – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, экономика қай елдің болмасын, кемелді келешегінің жарқын кепілі, ажырамас бөлшегі болып табылады. 2017 жылды табысты аяқтадық.
Ауданның мемлекеттік бюджетінің 2017 жылдың жылдық болжамы 4687,1 млн. теңге болса, нақты түскені 5699,55 млн. теңгені құрады. Яғни, болжам 121,6 пайызға орындалды. Атап айтқанда, республикалық жылдық болжамы 253,0 млн. теңге болса, нақты түскені 263,6 млн. теңгені құрап, болжам 104,2 пайызға, жергілікті бюджеттің жылдық жоспары 4 млрд 434 млн. 083,7 мың теңге болса, нақты түскені 5 млрд 435 млн. 907,2 мың теңгені құрап, 122,6 пайызға орындалды. Бұл мақсатта басқарма тарапынан біршама іс-шара жоспарлары жасалып, оны орындауда басқарма қызметкерлері өздерінің білімін, күш-жігерін аямай, уақытпен санаспай тынымсыз еңбек етті.
Салықәкімшілігін жетілдіруде өз деңгейінде заманауи қолжетімділік – камералдық бақылау жұмыстары да айтарлықтай әсерін беріп келеді. Нәтижесінде өткен жылықосымша бюджетке 270 млн 198,0 мың теңге өндірілді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірумен салық ба- засын ұлғайту жұмыстарына мол әсерін береді. Осы орайда басқарма тарапынан ауданда түрлі бағыттарға арналған 3 жедел топ жасақталып, олар тиісті іс-шараларға сәйкес жұмыстар атқарды. Кент, ауылдық округ әкімдерімен және уәкілетті органдарымен бірлесе отырып, қосымша кіріс көздерін анықтауға жүйелі түрде жұмыстар атқару біздің негізгі міндеттеріміздің біріне саналады және осы жұмыс жүйелі түрде бірлесіп атқарылуда.
Олардың алғашқысы чек талап ету жұмыстарымен айналысады. Бұл жедел жұмысшы тобына байланысты атқарылған жұмыстар көңіл қуантады.
Жалпы аудан көлемінде барлығы 2252 (383 заңды тұлға және 1869 дара кәсіпкер) салық төлеуші тіркелген. Бақылаумен қамтылуға тиісті 192 салық төлеушіге бақылау кассалық машинасының болуына тақырыптық тексеру жүргізіліп, әкімшілік шара көрілді. Жыл басынан бері рейдтік тексерулерге байланысты нұсқама алынып, анықталған 19 бұзушылықәкімшілік шараға тартылды.
– Аудан тұрғындары былтыр кең көлемді акцияға қатысып, тұтынушы ретінде өз құқықтарын біраз біліп қалды...
– Иә, өткен жылдың 1 қазаны – 15 желтоқсаны аралығында «Атамекен» ҰКП- ныңқолдауымен мемлекеттік кірістер комитеті «Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал» акция- сын өткізді. Азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретінде өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жіберген азамат- тар қатысты.
«Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал» акция- сына қатысқан 3 жеке тұлға жүлде жеңіп алып сыйлыққа ие болғанын атап айту керек.
– Салы
қ төлеушілермен тағы қандай шаралар атқарылды?
– Сондай-ақ бақылау нәтижесінде салық есептілігінде көрсетіп отырған табысы аз деп болжамдалған салық төлеушілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-мен жұмыс жасайтын 12 кәсіпкерден 315 млн 421 мың теңге көлеміндегі табыс көтерілді. Қосымша салығы есептеліп, толығымен бюджетке кірістелді.
Осындай жүргізілген жүйелі, атқарылған шағын және орта бизнестен түсетін салық жіктемесі ауқымды жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысында Табыс салығы (101202 жіктемесі) бойынша 27515,0 мың теңге түсім қамтамасыз етілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7596,7 мың теңгеге артқан, яғни 138,1 пайызға орындалды. Әлеуметтік салық (103101 жіктемесі) бойынша 131279,0 мың теңге бюджетке қаржы түсіп, 105,0 пайызға орындалу қамтамасыз етілді.
Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жылжымайтын мүліктерді заңдастырып, салықтандыру мақсатында «Аудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту» жөніндегі жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топ құрамы іс жоспарына сәйкес кент, ауылдық округтердегі құрылыс объектілерін түгендеу, аталмыш нысандарды салушылар рұқсаты болуы, лицензиясы жоққұрылыс бригадаларын анықтау, жаңадан қабылданған нысандардың техникалыққұжаттары тиісті мерзімінде болуы жайын қадағалады.
Қазірде дамыған мемлекеттер кәсіпкерлікті қолдау, дамыту арқылы табысқа қол жеткізеді. Мемлекетімізде бұл салаға деген қамқорлық жылдан-жылға өз ауқымын ұлғайтуда. Көптеген салық төлеушілер осы қабылданған шаралардың арқасында өз жоспарларын іске асыруда. Алайда, осы шағын кәсіпкерлікті дамытуда салық салу мәселелері және салық міндеттілігін орындауда немқұрайлылық танытпаған жөн. Бұл салық заңнамасын тұлғалардың дұрыс білмеуінен немесе біле тұра салықтан жалтару мақсатымен қасақана жасауынан туындайды.
Сонымен қатар, аудандық ішкі істер бөлімі және басқа да бөлімдермен жеке тұлғаларды салықтандыруға және тіркеуге қатысты бірлесе жұмыс атқарды. Оң нәтижелі іс қатарында 2017 жылы кәсіпкерлікке тіркелмей, такси қызметімен айналысқандар бойынша 8 заң бұзушылық анықталып, құжаттары аудандық сотқа жіберілді. Сот шешімімен айыппұл салынып, өндірілді.
Өткен жылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында 24 такси 24 автобус қызметімен айналысушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.
 2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты халық саны 2 мыңнан асатын ауылдарға дербес бөлім ретінде қарап әр ауылдарға жоспар берілген және салықты төлеуі қалай болады, қанша салық түрі кіреді. Ауданда халық саны 2 мыңнан асатын қандай ауылдар бар және бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылды?
– Ауданда халық саны 2 мыңнан асатын ауылдарға Тереңөзек кенті, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Ақжарма, Шаған, Қоғалыкөл, Бесарық, Аманкелді ауылдық округі кіреді. Барлығы - 8. Салықтың барлық түрі кірмейді, 6 салық түрі және де басқада міндетті төлемдер кіреді. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне қазынашылық басқармасы арқылы код ашыл- ды. Бұл жөнінде барлық елді мекенді аралап түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соны- мен қатар, салық төлеушілермен табысталатын 200.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 701.00, 701.01, 910.00, 911.00 нысандарына өзгерістер енгізілді, яғни міндетті түрде салық төлеушінің БСН/ЖСН көрсету, атауын жазу, жалпы табыс сомасын көрсету, бюджетке төленетін салықтың есептелуі, міндетті төлемдердің есептелуі, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкім аппаратының БСН көрсетіледі (Мысал ретінде, Амангелді ауылдық округінің салық төлеушісі есептілік тапсырса, Амангелді ауылдық округінің БСН-ін көрсетеді).
 Мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін қандай қызмет түрі бар?
– Мемлекеттік кірістер органдарыныңҚаржы министрлігін 04.06.2015 жылы бекітілген регламент бойынша барлығы 48 қызмет түрі көрсетіледі. Ол жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі, салық төлеушілерді тіркеу, қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі, электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, бақылау кассалық машиналарын тіркеу, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру деген сияқты тағы да басқа қызмет көрсету уақыты регламент бойынша 20 минуттан аспайды.
Қазіргі кезде салық есептілігін электронды форматта және онлайн түрде тапсыру талабы артып келеді.
Салық мәдениетін көтеру және кәсіпкерлердің сауаттылығын жетілдіру мақсатында Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жергілікті өзін өзі басқару органдары мен бірлесіп, жүйелі жұмыс жүргізіп отыр.
Сырдария ауданына қатысты ауылдық округінде салық төлеушіге қызмет көрсететін терминалы түгелдей орнатылып, арнайы ком- пьютерлермен жабдықталған.
Бұл салық есептілігін тапсыра- тын кәсіпкерлер үшін тиімді әрі жылдам жүргізілетін қызмет.
Көрсетілген салықтыққызметке салық төлеушінің көңілі толуы керек, сонда ғана салықты өз еркімен және уақытылы төлеп отырады.
Салық төлеушіге өзіне керек ақпарат пен қызметті алуына барлық жағдай жасалуы ке- рек, бұл – уақыт талабы.
– Салы
қ төлеушілердіңқозғалысы жөнінде айтып өтсеңіз.
– Жеке кәсіпкерлердің жалпы тіркелген саны 1689-ды құраса, оның ішінде 528 шаруа қожалығы болып табылады. 2017 жылдың ішінде 346 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген.
Сонымен
қатар, заңды тұлғаның жалпы тіркелген саны 383 болса, оның ішінде 2017 жылы 42 заңды тұлға ретінде тіркелген.
Қосымша кіріс көздерін түсіру жөнінде не айтасыз?
– Бюджет кемуінің орнын толтыру үшін біздің тарапымыздан атқарылуға тиісті аса маңызды жұмыстың бір бағыты - ол камералдық бақылау. 2017 жылы хабарламаларды өңдеу барысында камералдық бақылау қорытындысымен нақты ақшамен өндірілу деңгейі көрсеткіштері тұрақты бақыланып, тиісті жұмыстар атқарылуда. 2017 жылы салық төлеушілердің тапсырған 100.00, 300.00 және 200.00 нысанды декларацияларын салыстыру арқылы камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Республикалы
қ бюджет бойынша 40 салық төлеушіге камералдық бақылау арқылы хабар- ламалар, хабарлаулар және хаттар жолданылды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 162 431,7 мың теңге айырма сомасы анықталып, 137 420,0 мың теңгеге қосымша салық есептілігі тапсырылып, 22 406,6мың теңге ақшалай бюджетке түсім түсіп, 114 065,7 мың теңге салық төлеушілердің бет есебіндегі артық сомасы есебіне жатқызылды.
Ауданды
қ бюджет бойынша атқарылған жұмыс нәтижесінде 130 салық төлеушісінен 125 789,2 мың теңге айырма сомасы анықталып, 110 860,6 мың теңгеге қосымша салық есептілігі тапсырылып, 258 381,9 мың теңге ақшалай бюджетке түсім түсіп отыр, 63 060,4 мың теңге салық төлеушілердің бет есебіндегі артық сомасы есебіне жатқызылды.
Облысты
қ бюджет бойынша атқарылған жұмыс нәтижесінде 132 салық төлеушісінен 162 289,5 мың теңге айырма сомасы анықталып, 156 257,8 мың теңгеге қосымша салық есептілігі тапсырылып, 95 868,6 мың теңге ақшалай бюджетке түсім түсіп отыр, 60 415,7 мың теңге салық төлеушілердің бет есебіндегі артық сомасы есебіне жатқызылды.
– Электронды шот фактураға қатысты жаңалықтар жайлы не айтасыз?
– Осыған дейін қаржы саласында шот-фактура қағаз түрінде қолға беріліп келсе, 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды шот-фактура жүйесі енгізілді. Бұл қосымша құн салығын төлеуден жалтарып отырған компанияларды еш қиындықсыз анықтауға көмек береді.
Шот-
фактураны электронды түрде жазылуын талап ететін Салық кодексіне 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап баптар қолданысқа енгізілді.
Электронды шот-фактура а
қпараттық жүйесінің ерекшелігі – уақытты қысқарту, шот-фактураны жазу кезінде жұмсалатын қағазды және қол жұмысыныңүнемделуі.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру үшін 19 жыл бойы жұмыс жасаған. Соның нәтижесінде біздің еліміз 3877 тауар түріне Кедендік баж ставкасының төмен болуына қол жеткізді, оның ішінде қазіргі уақытта 1347 тауар түріне кедендік баж став- касы төмендетіліп отыр. Қалған бөлігі 2020-сыншы жылға дейін жүзеге асырылмақ.
Ендігі жерде
құжаттардың рәсімделуі элек- тронды шот-фактура мен электронды қолтаңба арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осыған байланысты Сырдария ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасыныңұжымы кәсіпкерлерге кеңес пен көмек беруге қашан да дайын екенін білдіреді.

– Кірістер басқармасы тарапынан көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет туралы хабардар етсеңіз?
– Бүгінгі таңда Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын артты- руда барынша қызмет жасалуда. «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығының» қызмет көрсету залында салық төлеушілерге 9:00 – 17:00 уақыт аралығында қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, кез келген уақытта салық төлеушілерге ыңғайлы етіп жарақтандырылған салық есептіліктерін электронды түрде тапсыратын «Терминал» бөлмесі қызметке дайын.
Бас
қармасы тарапынан аудан көлеміндегі барлық 13 ауылдық округке салық төлеушілер терминалы орнатылған, дер кезінде жаңарту, практикалық көмектер көрсету жұмыстары жүргізіліп отырады.
Қазіргі күнде салық төлеушіде жай ғана интернет желісімен жеке виртуалды кабинетіне кіру арқылы салықтық мәліметтер базасынан өзі және өзінің салық органымен қарым-қатынасы жайлы ақпараттар алуға, салық есептіліктерін толтыруға және электронды табыс етуге, алашақ-берешек салық сомаларын білуде бет есебін көруге мүмкіндік бар. Салық төлеуші http://kgd.gov.kz/ru - сайты арқылы барлық жылдардағы және барлық нұсқадағы салықтықөтініштер мен салық есептілігі нысанда- рын алуға, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша салықтарды жеке табыс салығын, көлік салығын, патент бой- ынша салық сомаларының және өсімпұлдардың есебін жылдам әрі оңай біле алады. Онда банкілік төлем құжаттарын енгізіп, дайындауға да, салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), биз- нес сәйкестендіру нөмірі (БСН) арқылы басқа салық төлеушілер мен қосымша құн салығын төлеушілер тізімін қарауға да мүмкіндіктер қарастырылған.

Сыбайлас жем
қорлықтың алдын алу үшін ар- найы сенім телефоны да жұмыс істейді. Сондай- ақ салық төлеушілерге мейлінше ыңғайлы болу үшін аудандық пошта қызметкері қарастырылған. Себебі, кез келген салық төлеуші тиісті төлемдерін төлей отырып, кезекті патент алады немесе салық есептілігін тапсырады.
Әр жылдыңөзіне тән жаңа міндеттері бар. Осы орайда Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері ел игілігін көтеруге бағытталған міндеттерді орындауда қарқынды еңбек ете береді.
– Мазмұнды әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Б.ЖАНӘЛІ
08 ақпан 2018 ж. 969 0