Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Музейге саяхат

Музейге саяхат

Тәрбие жұмысының «Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» бағытына сәйкес №126 орта мектебінің оқушылары облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Қызылорда қалалық музейіне саяхаттады.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни кіші Отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Патриотизмнің ең жақсы көрінісі – туған жердің тарихын оқып-білу. Білім алушылар арасында өлкетанулық білімді насихаттау мен тарату мақсатындағы саяхаттың оқушыларға әсері мол болды.

Айта кету керек, осындай игі шараны Сырдария аудандық музейінің меңгерушісі Марат Омаров басшылық ететін аудандық музей ұжымы ұйымдастырды.
"ТТ" ақпарат
29 қазан 2019 ж. 2 367 0