Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз жеріңді танып біл

Өз жеріңді танып біл

Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкемізді білу – әрбір азаматтың міндеті. Жаһандану заманында түрлі теріс ағымдардың жетегінде жұтылып кетпей, елдігі­мізді сақтап қалу – үлкен сын. Оның бірден-бір жалғыз жолы – саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Елбасының «Қазақстан­дықтар­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының аясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қызылорда облысының білім басқармасы және Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы арасындағы үшжақты өзара ынтымақтастық негізінде «Өз жеріңді танып біл!» жобасы ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты тарихи-мәдени ескерткіштері мен және қасиетті орындарымен таныстыру, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және өңірдің туристік кластерін дамыту болатын.
Осы жоба аясында аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкер­лері биылғы жылдың мамыр айынан бастап облыс және аудан көлеміндегі мәдениет орындары мен тарихи-мәдени ескерткіштерге ақылы негізде туристік саяхаттар ұйымдастыруда. Экскурсия барысында №35, №36, №131, №137, №210 орта мектеп оқушылары мен мектеп жанынан ашылған күндізгі демалыс лагерь тынығушылары Қорқыт ата ескерткіші, Қалжан ахун мешіт-медресесі, Қызылорда облыстық тарихи-өлке­тану музейі, Қызылорда қаласы тарихи музейі, Ақмешіт қаласы тарихи музейіне саяхаттады. Облыстық музейде өткен «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі қор көрмесінде Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» және Тұңғыш Президенттің өте сирек архивтік суреттерін, құжаттарын, қолжазбаларын, марапаттары мен мантияларын тамашалап, білім кеңестіктерін кеңейтіп, жақсы әсер алды.
Алдағы уақытта бұл жоба өз жалғасын табады. Мұның барлығы – заман талабына, ең бастысы жастардың сұранысына сай болудағы ұмтылыстың жарқын көрінісі. «Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген қанатты сөзді ұстана отырып, оқушылардың халықтың, өлкенің өткен тарихына деген қызығушылықтарын арттыра отырып, таным-түсініктерін молайтып, тарихи саналарын қалыптасуына жол ашу мақсатында жұмысты жандандыра бермекпіз.

Салтанат ҚУАНДЫҚОВА,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің ғылыми қызметкері
15 қазан 2019 ж. 1 576 0