Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Әйелдің ішінен бір уыс құрт шықты

Әйелдің ішінен бір уыс құрт шықты

Хирургтар ота кезінде әйелдің ішінен шаранасымен бірге эхинокококк кистасын алып шыққан. Қызығы сол, бір уыс құртпен бірге дүниеге келген нәрестенің салмағы 5 келі, – деп хабарлайды kz.otyrar.kz

27-қыркүйек күні толғағы қысып перзентханаға барған келіншектің жағдайын көрген дәрігерлер есеңгіреп қалған. Айы күні жетіп босануға келген келіншекті тексеріп шыққан медицина мамандары оның ішінен бір уыс эхинокококк құртын байқап, шұғыл түрде екі күрделі ота жасаған.

Операция барасында хирургтар жүкті келіншектің ішіндегі шаранасымен бірге бір уыс құртты хирургиялық жолмен алып шықты. Ғажайыптың күшімен аман қалған азаматша қазір дәрігерлердің қарауында.

Дәрігерлер жүкті келіншекке жасалған ота кезінде тәуекелге барғандарын жасырмайды. Себебі шаранамен бірге пайда болған іштегі құрт бауырдың жанына біткен соң, жарылып кету қаупі жоғары болатын дейді мамандар. Бірақ сәтті жасалған операцияның арқасында қауіп алдын алып, ана мен баланың өмірі аман қалды.

Босанған ана қазір №1 қалалық клиникалық ауруханада ем алып жатса, сәбиі №1 қалалық перинеталдық орталықтағы дәрігерлердің бақылауында. Салмағы 5 келі болып туылған алып нәрестенің қазіргі жағдайы жақсы. Бірақ құрсағына біткен баланы әлі бауырына баспаған әйел, сәбиімен қауышар күнді асыға күтіп отыр.

Лаура Нақыпқызы
17 қазан 2019 ж. 992 0