Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүт безі ісігінің қауіпті түрін емдеу жолы табылды

Сүт безі ісігінің қауіпті түрін емдеу жолы табылды


Канададағы Монреаль университетінің ғалымдары кеуде ісігі кезінде метастаздардың көбеюіне AXL ақуызы қатты әсер ететінін анықтады. Олардың айтуынша, AXL дамуын тоқтатса, емделмейтін ісіктердің дамуын тежеуге болады. Бұл туралы MedicalXpress баспасөз релизінде жазылған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Сүт безі рагының кейбір түрінде агрессивті ісіктердің дамуына ықпал ететін HER2 ферментінің жоғары белсенділігі байқалады. Метастаздар пайда болса сырқатты емдеу қатты қиынға соғады. Сондықтан метастаздар сүт безі ісігімен ауырғандардың 90 пайызының өліміне себепкер болады.
Зерттеушілер HER2 оң рагының клеткаларындағы AXL ақуызының жоғары деңгейі ісіктің бастапқы кезеңінен метастаздардың көбеюі қатты ықпал ететінін айтты. Ал олардың белсенділігі төмендесе, онда сырқаттың аман қалу көрсеткіші өседі.
Ғалымдардың айтуынша, AXL жоюға арналған дәрілер организмдегі рак клеткаларының тарауын тоқтатып, жаңа ісік клеткаларының пайда болу қаупін азайтады.

08 мамыр 2018 ж. 1 177 0