Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерге құрмет

Ардагерге құрмет

«1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ» ОРАЙ АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНСА МЕКЕМЕСІНДЕ АРНАЙЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ. ОҒАН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МАМАНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. Қазіргі таңда ветеринария саласында талай жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан 15 ардагер бар. Аудан халқына сапалы қызметімен белгілі әрбір ардагердің өзіңдік қолтаңбасы қалған. Шараны ашқан ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Садықов, ветеринариялық станса мекемесінің директоры Н.Дәулетбаев жиналғандарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ардақты жандарға арнайы сый-құрмет көрсетті. Сала мамандарының жұмысы ауқымды. Қай кезде де уақытпен санаспаған олар ең бірінші халықпен тығыз байланыс орнатады. Дастархан басына жиналған көпшілік бүгінде өмірден өткен әріптестеріне арнап құран бағыштады. Келелі басқосуда сала ардагерлері ақжарма тілегін айтып, жастарға ақ батасын берді. Ізін жалғаған бүгінгі буынның жұмысына сәттілік тіледі. Арнайы көңіл бөліп, құрмет төріне шығарған сала басшыларына алғысын жеткізді.
Б.ҚАРАМАНТЕГІ
08 қазан 2019 ж. 464 0