Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

№ 78 газет

08 қазан 2019 ж.

№77 газет

05 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Өзге емес, мұрын айтады сіз жайында (тест)

Өзге емес, мұрын айтады сіз жайында (тест)

Адамның сырт келбеті мен ішкі жан дүниесі бір-бірімен тікелей байланысты екені әлдеқашан дәлелденген. Қазір бұл сұрақпен физиогномика айналысады және ол күннен күнге дамып келеді. Ал сіздің мұрыныңыздың пішіні қандай?

1. Ірі мұрын

Көлемімен көзге түседі. Мұрын қырында иіліс жоқ, ұшы төменге қарай түсіңкі біткен. Нубийлердің мұрны секілді пішінге ие болса, бұл адамдар оптимист. Өзіне мұқтаж адамдарға әрдайым қол ұшын созуға әзір. Достары, араласатын ортасы көп, көпшілікке сүйкімді, кез келген мәселеден оңай шығып кетеді.

2. Грек мүсінді

Мұрны грек мүсіндеріне ұқсайтындар көпшіліктің назарында болуды ұнатпайды. Табиғаты тұйық болғандықтан, ішкі сезімдерін ашық көрсете алмайды. Бірақ олар достарына аса адал жандар.

3. Құс тұмсық

Адам мұрны құстың тұмсығы секілді үшкірленіп тұратын болса, ол жанкештілігімен көзге түседі. Егер шын қаласа, өзгелер үшін өзін құрбан қылуына да таң қалмайсыз.

4. Арка

Ұшы сүйірленіп келетін үшкір мұрын. Мұндай мұрынды адамдар аса әділетті, мінезі ашық. Олар алға қойған мақсатына қайтсе де жетпей тынбайды.

5. Картоп мұрын

Кішкентай ғана, шағын мұрын. Мұндай мұрынды адамдар көптеп кездеседі. Олар айналасындағыларды таңғалдырарлық, тың шешім қабылдауға шебер. Күшті мінез иесі. Көп сөзді созбай, бірден іске кіріскенді ұнатады.

6. Қыр мұрын

Қыр мұрынды келбеттілер Азия халқында көп кездеседі. Жалпақ қуысты, тік сызықты мұрын иелері ашулы мінезімен танымал. Оны сабыр жолынан тайдыру оңайдың оңай.

7. Дөңесті мұрын

Мұндай мұрынның қырында кішкене дөңесі бар. Тез ренжігіш, көңілі бос, сезімтал адамдардың мұрны осындай болады. Бірақ жаны кең, көпшілікке көмектескісі келіп тұрады, өзгелердің мәселесін шешіп береді.

8. Қисық мұрын

Сырт келбеті келісті болмаса да, мұндай адамдар өте төзімді, мейірімді келеді. Олар аса адал дос, өмірлік бағдар. Егер бірнәрсеге кіріссе, басымен беріліп кетеді.

massaget.kz


08 қазан 2019 ж. 21 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам