Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 1000 теңге сыйақы кімге беріледі?

1000 теңге сыйақы кімге беріледі?

Мемлекеттік кірістер комитеті фискалды чек берілмегені туралы хабарлаған 52 адамға мың теңгеден сыйақы төледі

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті фискалды чек берілмегені туралы хабарлаған адамдарға 1000 теңге көлемінде сыйақы аударып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы жылдың 12 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында бақылау-кассалық машиналардың фискалды чектерін бермеу фактілерін анықтауға арналған пилоттық жоба қолға алынған болатын. Акция 30 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін 52 адамға 1 000 теңге көлемінде сыйақы төленді. Ол ақша ұялы телефонның теңгерімі ретінде түседі. Ал 30 қыркүйектен бастап пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таралады.

"Яғни, бүкіл Қазақстан аумағында чек бермеу фактісі туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы (ұялы телефон теңгерімін толтыру) беріледі", - дейді комитет мамандары.

Сыйақыны алу үшін сатушының фискалды чекті беруден бас тартқанын, дүкеннің атауы мен мекен-жайын, сондай-ақ, фискалды чек бермеген тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді видеоға түсіріп, жіберу керек. Ал видеоматериалдарды Apple App Store және Google Play market қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын "Wipon" ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады.

Жұмыс істейтіндерге беріледі: Тоқаев 1 қаңтардан бастап өзгеріс болатынын айтты

"Шағым жолдаған жағдайда қосымша өз тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын (болған жағдайда), ЖСН және байланыс телефонын көрсетіңіз. Бұл деректер заң бұзушылық фактісі расталған және фискалды чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда сыйақы төлеу үшін қажетті", - делінген ресми хабарламада.

Осы орайда комитет барлық азаматты өзінің азаматтық ұстанымын ашық білдіріп, фискалды чек бермей жүрген салық төлеушілерді анықтауға үндеп отыр.




04 қазан 2019 ж. 573 0