Иттер балаларды күйзелістен құтқарады
Флорида университетінің ғалымдары иттердің балаларды күйзелістен құтқаратынын анықтады. Ғалымдар үйінде ит ұстайтын 100 отбасыға зерттеу жүргізген.
Экспермент барысында 7 - 12 жас аралығындағы балаларға халық алдында сөйлеу, ойша есеп шығару тапсырмалары берілген. Мұндай тапсармалардың баланы күйзеліске ұшырататыны белгілі. Бұл кезде ағзадағы күйзеліс гормоны (картизол) жоғарылайды.
Ғалымдар барлық балаларды үш топқа бөлген. Бірінші топтың балалары күйзеліспен өздері күрескен, екінші топтың балаларын ата-ананың біреуі қолдаса, үшінші топтағы балалар итті серік еткен. Күйзелістен арылуда жылдам ес жиғандары – үшінші топ, яғни итпен ойнаған балалар болған. Балалардың көбі қасында ит болған мезетте, жақсы сезімде болғандарын айтқан. Иттің күйзелісті арылту қасиеті оның ойынға құмар және адал болуына байланысты екен.
Дереккөз: medportal.ru