Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Шешен айтқан өсиет

Шешен айтқан өсиет

Ертеректе осы өңірде үлкен той болып, үш жүздің адамдары бас қосқан екен дейді. Тойға ақсақалдар мен билер қатысып, оларға сұрақтар беріліп, тиісті қанағаттанарлық жауаптарын алып отырады. Көпшілік арасынан бір кісі: -Иә менің осы уақытта дейін шешімін таба алмай жүрген сұрақтарым бар еді, – деп ақсақалдарға қарайды.
– Сұрағың болса айта бер, – дейді ел ағалары.
– Төрт түлік малдың қайсысы жақсы, қой, жылқы, немесе түйе малы ма?
Екінші сұрағым: – әрқайсысымыздың өкшемізді басатын ұл-қыздарымыз баршы­лық. Солардың қайсысы жақсы. Осыны талдап айтып берсеңіздер депті.
Сонда Көбен ақсақал:
– Түлік атасы қой ғой,
Есігіңнің алды көң етер
Бала жақсысы қыз ғой,
Өрісіңді кеңейтер.
Қарақұл ақсақал:
– Түлік асылы жылқы ғой,
Алысыңды жақын етер,
Бала жақсысы қыз ғой,
Дұшпаныңмен тату етер.
Сонда Жетес би:
– Түлік асылы түйе ғой,
Қара жердің иесі емес пе?
Бала жақсысы ұл ғой,
Қара орманның иесі емес пе, – деп өлеңмен жауап қайтарған екен.
Ақсақалдар мен билердің жауаптарына риза болған көпшілік тойдан үйлеріне көңілтоқсып тарасқан екен.

Ел аузынан жазып алған
Сәйділдә СӘДУАҚАСОВ
28 қыркүйек 2019 ж. 824 0