Сочиге жолдама алды

Жансая Қызылорда қаласында өткен "Сириус" оқу орталығының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер олимпиадасында үздіктер қатарынан көрінді. Дарынды қыз биология пәнінен бақ сынап, екінші орын иеленді.
Айта кету керек, Жансая Әлтаева №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы. Ол бастауыш сыныпта оқып жүргенде ғылыми жоба жазып, республикада қорғаған болатын. Оның білімге деген қабілеті әлі талай белестерді бағындырады деген сенімдеміз.
Бәрекелді, Жансая!
Б.ЖАНӘЛІ