Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарасымды жұп белгілерін біле жүріңіз

Жарасымды жұп белгілерін біле жүріңіз

Жұлдызнама жайлы айтқанда жұрттың пікірі екіге жарылады. Біреулер сенгісі келеді, біреулер мүлде қарсы, енді біреулер үшін тіпті маңызды емес.

Астролог мамандар адамдардың бір-бірімен тіл табысуы, араласуы мен отбасы болуы жұлдызнамаға да байланысты деп айтады. Қазақта "бір-біріне жұлдызы қарсы" деген сөз де бар. "Жұлдызы жарасқан жұптар" деп те айтып жатамыз.

Жуырда аустралиялық астролог Келли Фокс жұлдызнама белгілерінің айрықша тізімін жариялады. Ол бұл еңбегінде бір-бірімен тіл табысып, бақытты жанұя болатын белгілерді атап шыққан. Оларды бір-бірі үшін жаралған жұптар деп те атапты. Ендеше қандай белгілер? Бұл жайында massaget.kz ақпарат береді.

Тоқты мен Мерген жұлдызнамасындағы жандар бір-бірі үшін жаралғандар қатарында. Тез тіл табысып, бірінің ойын бірі алып кете алатындай дәрежеде. Сондай-ақ, шаян мен сарышаян белгілері де берік қарым-қатынаста бола алады, әрі романтиканы жақсы көреді.

- Шаян мен сарышаян белгілері бүкіл өмірлерін бір-бірінің көзіне қарап өткізе алады, - дейді астролог.

Тауешкі мен Бикеш белгілері де өте жарасымды жұп бола алады екен. "Бикештер – махаббат сезімі жолында бәріне мән беретін талғампаз жандар, ал сабырлы тауешкілер мұны толықтыра алады" - дейді маман.

Егіздер мен Суқұйғыш, Шаян мен Балықтар, Таразы мен Егіздер, Бикеш пен Торпақ, Арыстан мен Мергендер арасындағы қарым-қатынастар да берік болады екен.


12 қыркүйек 2019 ж. 1 750 0