Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІН НЕ КҮТІП ТҰР

2018 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІН НЕ КҮТІП ТҰР

Кез келген жұлдызнама белгісі жағымсыз жағдайларға душар болуы мүмкін. Астролог мамандар өмірдегі қиын жайттардан жұлдызнама өкілдерін барынша сақтандырғысы келеді. Бұл жұлдызнама қиындықты қалай жеңуге болатындығын және неге ерекше мән беру керектігін баяндайды.

Бикеш

Бұл жұлдызнама белгісінде жағымсыз жайттар, ойлар үнемі басында жүреді. Өз күшіне сенімсіздік, жалғыздық және қорқақтық бикештерді өз өмірі туралы толғандыра түседі. Оларға бар болғаны, жақын туыстың қолдауы мен жағымды ойлар қажет.

Тауешкі

Жалғыздық — тауешкілердің басты мәселесі. Содан бар қайғы мен мұң бастау алады. Бұл жұлдызнама белгісі құпиялылығымен өзінен бар адамды алшақтата түсетіні және бар. Өзіне сенімсіздік – тауешкілерде болатын күйзелістердің басты себептері екені анық.

Суқұйғыш

Бұл белгіге қызғаншақтық, ашу, көре алмаушылық, шыдамсыздық секілді қасиеттер тән. Бұларды басуға ең жақын адам көмектесе алады, алайда ондай адам суқұйғыштардың барлығында дерлік жоқ. Айналасындағы адамдар суқұйғыштардың кесірі тимесін деген оймен бойларын олардан аулақ салады.

Балықтар

Балықтардың бар қиыншылығы, өн бойында жинақылық пен ұқыптылықтың жоқтығы. Олар бір нәрсені өз уақытында жасамайды, үнемі кешігіп жүреді. Егер балық белгісіндегі адамдар жинақы, ұқыпты болса, көптеген күрделі мәселелер олардың өмірінен жойылар еді.

Тоқты

Тоқтылардың көңіл-күйі болмаса ғана қиыншылықтар олардың өмірінде белең алып отырады. Олар үнемі ашуланып, адамдармен ұрысып, тіпті қатты сөздер айтуы да мүмкін. Бұл болмас үшін тоқтылар өзін-өзі ұстап үйренгені абзал.

Торпақ

Бұл жұлдызнама өкілдері де өзінің көңіл-күйіне тәуелді. Көңіл-күйі болмаса, айналасындағылардың да көңіл-күйін быт-шыт қылады. Айналаның көңіл-күйін бұзбас үшін үлкендердің ақылын ескеруге кеңес береміз.

Егіздер

Егіздердің өз істерін жоспарлай білмеуі ауқымды мәселелер тудыратыны белгілі. Бұл белгі өз эмоциясын жақсы басқара алмайды, оны үнемі өзгертіп алып отырады. Кез келген шешімді қабылдамас бұрын жақсылап ойланғаны абзал.

Таразы

Таразының келеңсіз жағдаяттары  — алдау-арбауға ұшырап қалуы. Бұл белгі аферистер мен алаяқтарды өзіне тарта түседі, олар таразының сенімділігін пайдаланып кетеді. Мұндай адамдармен танысуды тоқтатсаңыз, өмір жақсы арнаға бұрылады.

Сарышаян

Сарышаян өмірінде өзін табысқа жетуге талпындырмауы күрделі мәселелер туғызып жатады. Ол болып жатқан жайттың бәрін өзі арқылы қабылдайды да, оның әсерінен жүйкесі сыр береді, өз күшіне сенімсіздік пайда бола түседі.

Мерген

Бөлінбейтін махаббат мергендерді күйзелте түсері анық. Олардың бойынан романтика әсте байқалмаса да, қызғаншақтық бәріне кесірін тигізеді. Бұл белгілер моралды тұрғыда өте әлсіз, ал бұл - өмірде түрлі қиындықтар әкелетін үлкен кемшілік екені рас.

Шаян

Шаян белгісінде дүниеге келгендер өз істеріне ғана көңіл бөліп, кейде күтпеген проблемаларға таңданыспен қарап, морт сынып жатады. Өйткені бұл белгі өзгенің өміріне араласпай, өз әлемінде өмір сүріп үйренген.

Арыстан

Бұл жұлдызнама белгісіне тиесілі адамдарда өзге адамдармен қарым-қатынаста қызғаншақ болуынан бар мәселе туындап жатады. Арыстандар сөз таластыруды, өзгелерге проблема туғызуды, жай жерден бүлік шығаруды жаны қалап тұрады. Осындай тәртібінің кесірінен олардың жауы да жоқ емес.

reactor.inform.kz
20 желтоқсан 2018 ж. 1 146 0