Қандай зодиак белгілері бір-бірімен дұшпан?
Тоқты мен тоқты 21.03-20.04
Тоқтылар бірбеткей, тәуелсіз. Сондықтан өздеріне бәсекелес адамдармен достаса алмайды. Екеуі де лидер, өз-өздеріне сенімді, бірінші болғанды ұнатады, шыдамсыз, тіпті агрессивті. Сондықтан бір-біріне кішірейе алмайды.
Торпақ 21.04-20.05 пен Арыстан 23.07-23.08
Торпақтардың жауласуы үшін маңызды себеп болуы керек. Ал Арыстандардың немқұрайдылығы осыған себеп болуы мүмкін.
Егіздер 21.05-21.06 мен Шаян 22.06-22.07
Егіздер тәуелсіз, рухтары еркін, олар өздеріне қызықсыз адамдардан оп-оңай бас тартады. Егіздердің тілі ащы. Шаян тым сезімтал. Егер егіздер шаяндарды тұншықтыра бастаса шаяндардың қатты көңіліне тиюі мүмкін.
Бикеш 24.08-23.09 пен Суқұйғыш 21.01-20.02
Екеуі де тәуелсіз. Бикеш іске кірісер алдында ұзақ ойланады. Ал Суқұйғыш жылдам. Сол себепті де екеуі бір біріне антоним.
Таразы 24.09-23.10 мен Тауешкі 22.12-20.01
Таразылар ашық-жарқын, ал Тауешкі күмәншіл. Таразылар көбірек демалғанды ұнатады, ал Тауешкілер еңбекқор.
Сарышаян 24.10-22.11 мен Суқұйғыш 21.01-20.02
Олардың ойы бір жерден шыққанымен олар бір-біріне сенбейді. Екеуі де тәуелсіз, күмәншіл. Сол себепті де олардың жолдары екі айырылады.
Мерген 23.11-21.12 мен Балық 21.02-20.03
Мергендер эмоция көрсеткенді ұнатпайды. Ал балықтар өте эмоционалды. Мерген аңдамай сөйлейді. Ал бұл сезімтал балықтардың көңіліне тиюі мүмкін.
Дереккөз: gornnisa.ru
Пікір 1