Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар жол жүру ережеcін бұзғаны үшін айыппұлды биткоинмен төлей алады

Қазақстандықтар жол жүру ережеcін бұзғаны үшін айыппұлды биткоинмен төлей алады



Жақында жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды криптовалютамен төлеуге болады. Кәсіпкерлер бұл ойды құптап отыр. Алайда, Қазақстанның Ұлттық банкі электронды ақшамен операциялар жасауға әзірге рұқсат берген жоқ.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Әли Шайхислам – елімізде айыппұлды криптовалютамен төлеген алғашқы адам. Әзірге бұл тәсіл сынақ түрінде өтіп жатыр. Қазақстанда криптовалютаға ешқандай ресми дәреже берілмеген. Ол не ақша, не болмаса қаржылық құжат болып саналмайды.
“Клиент бізге өз биткоинын береді. Ал біз қазіргі бағам бойынша оның қанша тұратынын есептейміз. Айыппұлға қанша төлеу керектігін есептеп, клиент үшін айыппұлды біз төлейміз”, – дейді бастамашылардың бірі Әлібек Нарымбай.
– Демек биткоинды өздеріңізге қалдырасыздар?
– Иә, биткоинды ақшаға айырбастап, мемлекетке теңгемен төлейміз.
Ал, Ұлттық банктің криптоақшаларды қашан қабылдайтыны белгісіз. Еліміздің басты банкирі Данияр Ақышовтың халықты криптошарттардан аулақ болуға шақырғаны белігілі. Бір жағдай бола қалса мемлекет жауапкершілікті өз мойнына алмайтынын ескерткен болатын. Себебі, электронды ақшалар заңды төлемақыларға жатпайды. Кейбір сарапшылар мұны алаяқтық деп те атап жүр.
“Бұл қымбат қағаздармен, облигациялармен жұмыс істегенмен тең. Сенімді және сенімсіз облигациялар болады. Егер сіз сенімді облигацияны алған болсаңыз, компанияда бір жағдайлар орын алса, ақшаңызды қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар. Майнингтік криптовалюталар – қорғалмаған, оларға сенім жоқ деуге болады. Ашып айтсақ, қомақты қаржы тұратын ауа сияқты. Криптовалютаның болашағы туралы тартыстар өте көп. Жорамалдар да жетерлік. Бірақ, сонда да электронды ақшаның тұрақсыз екенін ұмытпаған жөн. Осыдан бір ай бұрын бір биткоин үшін 20 мың АҚШ долларын берген болса, бүгін сол баға екі есеге түсіп кеткен”, – дейді Қазақстандағы TeleTrade компаниясының бас-сарапшысы Сергей Полыгалов
24 қаңтар 2018 ж. 1 350 0