Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстан еттің алғашқы партиясын Иранға экспорттады

Қазақстан еттің алғашқы партиясын Иранға экспорттады

Ақмола облысы еттің алғашқы партиясын Иран Ислам Республикасына экспорттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Қорғалжын ауданының Сабынды ауылындағы «Астана Агропродукт» ЖШС Қазақстанда бірінші болып Иран еліне эт экспорттау бойынша келісімшартқа қол қойып, алғашқы партиясын жеткізді.

«Қазақстаннан жеткен еттің алғашқы партиясы Иран еліне Ақмола облысынан жөнелтілді. Айта кету керек, Иран - мұсылман мемлекеті болғандықтан, онда етке деген сұраныс жоғары.

Бұл дегеніміз  «Астана Агропродукт» ЖШС шығаратын еттің халал өнімдерінің жоғары стандартына сай екенін білдіреді», - деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев. Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша, «Астана-Агропродукт» ЖШС ет комбинаты - өңірдегі ет өнімдерін өңдейтін ірі кәсіпорын саналады.

«Кәсіпорын немістің инновациялық технологиясын қолданады. Кәсіпорын ет өнімдерін эспорттауға бағытталған, бәсекеге сай, жоғары сапалы «Бакара» брендімен ет және шұжық өнімдерін шығарады», - дейді басқармадағылар. Елбасының Астана айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде «Бакара» ет комбинаты елорданың сауда орындарына ет өнімдерін ұсынып, астаналықтар тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отыр. «2014 жылдан бастап «Астана-Агропродукт» ЖШС Мәскеу супермаркеттеріне ет деликатестерін жеткізу бойынша  Ресей нарығына шықты.

Ал, ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жаңа нарықты игеруде. Өндірісті «халал» стандартымен сертификаттаған «Астана Агропродукт» ЖШС Қазақстанда бірінші болып Иран еліне ет өнімдерін жеткізу бойынша келісімшарт жасады», - деп толықтырды ведомстводан.

Келісімшарт төрт айға, яғни 700 тонна ет экспорттауға арналған. Қазіргі кезде алдын ала ақшасы алынып, 60 тонна ет жөнелтіліп отыр.

«Наурыз айының соңына дейін тағы жөнелтіледі. Ал, сәуір айынан бастап ай сайын 200 тоннадан ет экспортталады. Иран - мұсылман елі болғандықтан, мал сою процесін осында арнайы келген молда бақылап отырады. Ет вакуумға салынып, салқындатылған күйде Иранға жөнелтіледі.

Алғашқы партия ирандықтарға жеткізілді. Ет сапасы мен дәмі оларға қатты ұнады. Әріптестеріміздің ай сайынғы етке деген сұранысы - 1000 тонна. Сондықтан, алдағы уақытта экспорт көлемін арттыратын боламыз», - дейді «Бакара» компаниялар тобының құрылтайшысы Серік Рахымбаев.

Оның айтуынша, компания - Қытайға ет өнімдерін жеткізу бойынша аттестациялау шараларынан өтіп жатқан бес компанияның бірі.

13 наурыз 2019 ж. 692 0