Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас құтқарушылардың республикалық жарысы

Жас құтқарушылардың республикалық жарысы


Жуырда "Жас құтқарушы" жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа қатысушы он екі команда арасынан үздік шыққан үш команда жеңіс тұғырына көтерілді. Дүбірлі сайыста көзге түскен Ақмола облысы ТЖД жас құтқарушылар командасы (жеке құрамы балалар үйінің тәрбиеленушілері) жеңімпаз атанды. Екінші орынға – Солтүстік Қазақстан, ал келесі орынды Жамбыл облысы өкілдері иеленді.
Сайыс барысында қатысушылардың жоғары нәтижелер көрсеткенін атап өткен жөн. Осындай озықтар қатарынан Шығыс Қазақстан және Қызылорда облысының өкілдері де көрінді.
Осылайша, Қызылода қаласындағы Абылайхан жоғары колледжі құтқарушылары "алғашқы көмек көрсету" және "қабырға газеті" кезеңдерінде ең үздік көрсеткіш көрсетті. Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Ал шығармашылық "Визитная карточка" байқауында бірінші орын – ШҚО, жүлделі екінші орынды Қызылорда облысы, үшінші орынды Ақмола облысы иеленді.
Сайыстың келесі күні командаларға ептілік пен жылдамдық керек болды және әрине командалық рух. Жас құтқарушылар "Табиғи жағдайда іздестіру-құтқару жұмыстары" кезеңінде жеңіске деген құштарлық, ал "Су акваториясында құтқару жұмыстары" кезеңінде өте эмоционалды күрес көрсете білді.
Сонымен, жарыстың қорытындысы бойынша Ақмола облысы ең үздік нәтиже көрсетті. Барлық жеңімпаздар «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Д.Данаев марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық "Жас құтқарушы" жарысына облыстық жарыстан үздік шыққан жеңімпаз 12 команда қатысты. Қатысушылардың жасы – 14 жастан 17 жасқа дейін. Жеңіс тұғырын бағындыруға ұйымшыл, епті, мақсатты жастар қозғалысының өкілдері «ТЖК Жас құтқарушылары» ұранымен сайысқа келді.
Қызылорда облысы ТЖД
syr-media.kz
18 шілде 2018 ж. 1 355 0