«Таза Қазақстан » экологиялық акциясы және наурызнама онкүндігі аясында көшеттер егілді
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Наурызнама онкүндігі аясында бүгін тал егу жұмыстары жүргізілді. Игі шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудан ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ерікті жастар қатысты.Тал егу акциясы барысында аудан басшысы алдымен жиылғандарды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтады. Президентіміздің бастамасымен елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы, елімізде қабылданған Жаңа Ата заңымыз және өңірде атқарылып жатқан оң өзгерістер жайында сөз қозғап, барша сырдариялықтарға тазалық шараларына белсене атсалысуға шақырды.
Экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде тал егу жұмыстарынан бөлек, тазалық жұмыстары да ұйымдастырылды. Ауданда өткен жаппай сенбілік аясында қоқыстарды теру және көктемгі тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











