«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары жалғасуда

Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар, ерікті жастар және аудан тұрғындары атсалысты.
Сенбілік барысында аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Жалын» жазғы сауықтыру лагерінің қорытынды дайындық жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, тазалық акциясына қатысушылар көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады.
Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады.
Аудан тұрғындарын абаттандыру шараларына белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі