«Таза Қазақстан» акциясы аясында көшеттер егілді

Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық мәслихат депутаттары А.Есназар, А.Ибрагимұлы, Б.Ұлтанбекұлы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және аудан тұрғындары белсене атсалысты. Сонымен қатар, кент және ауылдық округтерде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық іс-шаралары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары барысында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындарда талдарды балақтау, шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі