Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Еліміз қай елдерге тұз экспорттайды

Еліміз қай елдерге тұз экспорттайды

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 415,7 мың тонна ас тұзы өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3% көп. KAZINFORM 

Импортталған тұз көлемі де өскен, 2025 жылы елімізге 36,2 мың тонна тұз әкелінді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,1% артық.

Экспортқа келетін болсақ, есепті кезеңде Қазақстан 251 мың тонна тұз экспорттаған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7% аз.

Қазақстандық тұзды импорттайтын негізгі елдерге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, сондай-ақ Қытай, Грузия, Латвия және Германия кіреді.

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 200,8 мың тонна ас тұзы сатылды.

Республика бойынша тұздың орташа бағасы 1 келісіне 90 теңге. Ең төменгі орташа баға Қызылордада тіркелді – 65 теңге/кг, ал ең жоғары баға Алматы қаласында, мұнда 1 кг өнімнің орташа бағасы 112 теңге (2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша). 

Айта кетелік елде 2025 жылы балмұздақ экспорты импорттан асып түскен еді.

Фото: pixabay.com



20 ақпан 2026 ж. 80 0