Жеке табыс салығы 0%: Салықтан кімдер босатылады
2026 жылдың алғашқы он күнінде 66 мың жеке тұлға өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ретінде жұмысын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа салық режимі мына азаматтарға арналған:
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер;
- Жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайтындар;
- Үкіметтің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатындар;
- Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтындар (2026 жылы — 1,3 миллион теңге).
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес;
- Жеке табыс салығын төлемейді (ЖТС – 0%);
- Әлеуметтік төлемдер бар болғаны табыстың 4%-ына тең
(МЗЖ – 1%, МЗЖЖ – 1%, әлеуметтік аударымдар – 1%, МӘМС – 1%); - Салық есебін тапсырудан босатылады;
- Барлық чектер шығарылып, әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін “e-Salyq Business” мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі;
- Интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген жағдайда, чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы тарапынан автоматты түрде құралып, ұсталады және аударылады.









