Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Екінші бағыт: Өңдеу өнеркәсібін дамытудағы жаңа серпін

Екінші бағыт: Өңдеу өнеркәсібін дамытудағы жаңа серпін

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын дамытудың 7 маңызды негізгі бағытын белгіледі. Атап айтсақ, елімізге қомақты инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік логистикасын, экономиканы, адам капиталын, елімізді цифрлық дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жаңа міндеттер.

Жолдауда белгіленген бағыттарды негізге алып, өңір экономикасын тұрақты дамыту шараларын жалғастыру тапсырылды. Осы ретте өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін арттыру шараларын ұйымдастыру өте маңызды. Ол үшін осы жылға жоспарланған өңдеу саласындағы жобаны уақытылы іске қосу, кәсіпорындардың өндіріс көлемін барынша арттыру қажет.

Президент Жолдаудың екінші бағытында: «Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді» деп айтты. Күрделі салада өсу бар. Нәтижесінде тұрақты жүмыс орындары пайда болған. Бұл ірі кәсіпорындардың, өндіріс орындарының ашылуымен байланысты. Машина жасау бойынша бірнеше қалада іске қосылған жаңа зауыт жұмысын бастады. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Мұндай үлкен өндіріс орындары әрбір аймақта ашылып, экономиканы әртараптандыруды жаңа қарқынмен жалғастыру керек. Мемлекет басшысы айтқандай ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Қазір бұл жұмыс жүйесіз жүргізіліп жатыр. Қолдау шарасын ұстанымдары мен талаптары әртүрлі институттар жүзеге асырады. Мұндай ахуал кәсіпкерлерді әбден шатастырады. Бұл саланы ретке келтіріп, үйлестіру жұмысын толығымен қолға алу керектігі назарға салынды.

Елімізде тау-кен металлургиясы жаңа индустриалды қалыбының сенімді тірегі болып келеді. Оның ел экономикасындағы үлесі – 8 пайыз болғанымен, саланың даму әлеуеті зор. Әсіресе, терең өңделетін өнімдерді шығаруға мол мүмкіндігі бар. Яғни сирек кездесетін металдардың және айрықша қажет басқа да материалдардың маңызы арта түсті. Бұл дегеніміз ел Президенті алға қойған мақсат – алдағы үш жыл ішінде тау-кен саласында жоғары технологиялық өнім шығаратын кемінде үш кәсіпорынды іске қосуға тапсырма берілді.

Үкіметке тапсырылған бірқатар озық жобаны жүзеге асырудың қатарында көмірсутегі шикізатын терең өңдейтін зауыт бар.

Сонымен қатар басталғанына біршама уақыт болған Атыраудағы ірі газ-химия кешенінің құрылысы мен Павлодардағы сұйытылған газды терең өңдеуге арналған жобаны дер кезінде іске қосылуын қамтамасыз ету жаңа жұмыс орындарына жол ашатын мүмкіндік.

Мемлекетіміздің дамуына, барлық жобаның уақытында іске асуына электр энергиясының жеткілікті көлемде болуы шарт. Ол үшін елде қуат көздерін жан-жақты жаңғырту жүруде. Оған шетел инвесторларының қосқан үлесі зор. Алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланғандықтан, еліміздегі жасыл энергияның үлесін едәуір арттырмақ.

Тұрақты даму жолына түскен мемлекетімізде ядролық энергетиканы дамытуға бет бұрылды. Мән-маңызы айрықша жобаның қатарында жақында басталған Алматы облысындағы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына қатысты жоба «Росатоммен» бірге жүзеге асырыла бастағанын айту керек. Шын мәнінде бір ғана атом электр станциясы экономиканы тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз. Екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлау қажеттігі де бар. Бұл жайында Президент Жолдауда жан-жақты атап өтті.

Жалпы Қазақстан әлемдік компаниялардың бәрімен өзара тиімді байланыс жасауға дайын. Бұл өз кезегінде еліміздің энергетикалық дербестігін қамтамасыз ету жөніндегі мақсатына сай келеді.

Президент тоқталған тағы бір жайт – Қазақстанның сапалы көмір қорына байланысты. Көмірдің табиғатты ластамайтынына кепілдік беретін озық технологияларды қолданып, көмір энергетикасын дамытуға ерекше назар аудару қажет. Өзіміздің табиғи артықшылықтарымызды ел игілігіне дұрыс пайдалана білу керектігі назарға салынды.
Жолдаудың екінші бағытында жер қойнауына қатысты мәселе айтылды. Яғни цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасау. Мұндай жұмысқа халықаралық сарапшыларды тарту арқылы ғылыми негізде барлау жұмысын ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік бар.

Жолдауда айтылған жаңашылдықтың қатарында – келесі жылдың ортасында озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу мақсаты қойылды. Ол Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрылады. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрі ең алдымен жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүйеленіп, цифрландырылады. Негізінен жер қойнауын игеру саласындағы реформаны жыл соңына дейін аяқтау керектігі тиісті саланың міндеті.

Өңдеу саласы бойынша аймақта 21 жоба іске асатын болады. Жобаның негізгі шарты бойынша кәсіпорындарда өндіріс көлемі артады. Сонымен қатар негізгі құжатта ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге қатысты нақты тапсырмалар берілді. Бұл ретте, су тапшылығы жағдайындағы егін алқаптарын әртараптандыруды жалғастыру керек.

Бұдан бөлек, игерілмей бос жатқан, заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін кері қайтарып, оны қайта бөлу мәселесін де мұқият қарау міндеттелді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша межені толық орындау тапсырмасы бақыланады. Бұған дейін де жер мәселесіне қатысты бірқатар міндеттер орындалып, мыңдаған алқаптар мемлекетке қайтарылған. Дегенмен, жер – халыққа қызмет етуі керек деген қағидамен оны дұрыс мақсатта пайдаланатын шаруа қожалықтарына үйлестіру одан әрі жалғасатын болады. Бұл әрине, дұрыс шешім.

Сонымен қатар, электр, газ, жылу және сумен жабдықтауды сапалы әрі үздіксіз жүргізу, тұрақты жетілдіру, жасанды интеллект технологиясын барынша меңгеру, тың тәсілдерді енгізу мәселелері ел дамуына байланысты негізгі міндеттер. Бастысы мемлекетіміз жасанды интеллект дәуіріне көш түзеді.

Бибісара ЖАНӘЛІ
Коллажды жасаған: А.НҰР

16 қыркүйек 2025 ж. 78 0