Үздіктер көш басында
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттары мен үздік тауар өндірушілер марапатталды. Сапалы өнім өндірудегі жоғары жетістік үшін берілетін сыйлық тек жүзден жүйріктерге бұйырды.
Салтанатты шарада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Елбасының мықты мемлекет қалыптастырудағы және ел экономикасын нығайтудағы рөлін атап өтті.
– Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Тәуелсіздікті жариялау бір басқа да, оны ұстап тұру одан да қиын әрі маңызды. Елбасының басшылығымен өткен 28 жыл ішінде Қазақстан орасан зор табысқа қол жеткізді. Индустрияландыру елдің экономикалық дамуының берік негізін қалыптастырды. Бүкіл еліміз бойынша 1300-ге жуық жаңа өндіріс орны іске қосылды. Соның нәтижесінде соңғы он жылда өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 3 еседен астам ұлғайды, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Ел Президенті индустрияландыру әлемдік дағдарыс кезінде экономиканың дамуына тың серпін беретінін айтып, соның аясында отандық өнеркәсіпті жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.
– Үкіметтің алдында 2025 жылға қарай цифрлық технологияны енгізген өңдеу өнеркәсібіндегі ірі және орта кәсіпорындардың санын 200-ге дейін жеткізу мақсаты тұр. Нәтижесінде технологиялық дамудың қазіргі деңгейінен «ақылды өндіріс» деңгейіне көшу қамтамасыз етілуі тиіс, яғни өндіріс толық автоматтандырылуы және роботтандырылуы қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін жаңа сын-қатерлерді ескеруге шақырды. Сауда соғысы мен санкциялық шектеулер жағдайында Қазақстанның экономикалық әлеуетін жүзеге асыру үшін ұлттық бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды саналады.
– Индустрияландырудың үшінші бағдарламасын іске асыру 2020 жылдан басталады. Біз жеке сектордың әлеуетін барынша пайдалана отырып, экспортқа негізделген өңдеу өнеркәсібінің даму бағытын айқындадық. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыру кезінде өткен бесжылдықтардағы кемшіліктерді ескеріп, өңделген өнімдердің экспортын ұлғайту, шығарылатын өнімдерді технологиялық тұрғыдан «күрделендіру», сапалы жұмыс орындарын ашу секілді міндеттерді орындау керек, – деді Мемлекет басшысы.
Шарада Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының жеңімпаздарын және «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттады. «Парыз» конкурсының гран-при жүлдесін «Еуразиялық топ», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымы бойынша алтын жүлде «Абзал және К» компаниясына берілді. Сондай-ақ «Мағжан және К» компаниясы «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңімпаз атанды. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов серіктестік директоры Дархан Ералиевті салтанатты шарада марапаттады.

«ТТ» ақпарат