Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Экспорттаушыларды қолдау және өнімді шетелде ілгерілету

Экспорттаушыларды қолдау және өнімді шетелде ілгерілету

Президенттің тапсырмасы бойынша шикізаттық емес экспортты әртараптандыру және арттыру мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша қаражат құралдарының толық спектрін ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды.

Биылғы 7 айда көрсетілген қаржылай қолдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200 млрд теңгеге артып, 394 млрд теңгені құрады. Қолдау көрсетілетін барлық жобалардың 71%-ын құрайтын шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылуда. Бұл ретте орташа және жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесі 83%-ға жетіп отыр.

Қазақстандық тауарларды сыртқы нарықта ілгерілетуді күшейту үшін халықаралық инфрақұрылым қалыптастырылуда. Қытай провинцияларында серіктестік кеңселер, өкілдіктер және ұлттық павильондар іске қосылуда, соның ішінде ондай нысандар Чэнду, Үрімші, Нанкин және Шандун провинцияларында бар. Өзбекстанда "Термез" халықаралық сауда орталығының аумағында қазақстандық өнімдердің сауда павильоны жұмыс істеп тұр. Экспортты ілгерілету бойынша жұмыс БАӘ, Түркия, Үндістан, Иран және Қытайда қарқынды жүргізілуде

Оған қосымша алдағы уақытта экспортқа шығуымыз керек елдерде сауда-экономикалық миссиялар өткізілуде, қазақстандық тауарларды халықаралық электрондық алаңдарда ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде, мысалы олардың арасында jd.com, Doiyin, Alibaba сияқты сауда-саттық алаңдары бар.
25 тамыз 2025 ж. 150 0