Аймақ басшысы білім ордаларының құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынын көрді

Алдымен СПМК-70 мөлтек ауданындағы 1500 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңында болды.
Бас мердігер “Integra Construction KZ” серіктестігі құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғимараттың қабырғалары толық қаланып, іші әрленуде, инженерлік жүйелері орнатылуда. Құрылысқа 11 инженер-техникалық қызметкер, 183 жұмысшы және 6 техника жұмылдырылған.
Арай мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектептің де құрылысы қарқын алған. Бас мердігер “Абу-Сер” серіктестігі
ішкі әрлеу, есік-терезе орнату, жылу жүйелерін монтаждау және аулаға инженерлік желілерді тарту жұмыстарын атқаруда. Құрылыс басында 10 инженер, 185 жұмысшы еңбек етуде, 22 техника іске қосылған. Мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі