Экономикалық өсім көрсеткен өңірлер қатарында
Елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті сараланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында келелі мәселелер қаралды. Мемлекет басшысы ауқымы кең жиында инвестиция саласындағы жұмысты керектігіне баса назар аударды. Әрине, бәсекеге қабілетті бола отырып, инвестициялық жобалардың көлемін артыру – мемлекеттің негізгі ұстанған бағыты саналады.
Шын мәнінде, инвенстиция тарта отырып, бюджеттің тапшылығын жоюға көңіл бөлген абзал. Әрине, бірнеше өңірде инвестиция тарту көлемі азайып, бюджетке салмақ түсіп жатқаны алаңдатады. Сондықтан ел Президенті жауапкершілігі мол инвесторларды қолдау керектігін Үкіметке тапсырды.
Өткен жылдың қорындысы бойынша Сыр өңірінің даму көрсеткішіне байланысты облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады. Облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуын тұрақты санаған Мемлекет басшысы өңірдегі атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Шындығында облыс көлемінде қарқынды құрылыс жүргізіліп, әлеуметтік нысандар көптеп ашылды. Ауқым жобалар аймақтың өсіп-өркендеуіне ерекше ықпал ететіні сөзсіз. Бұл ретте, ең жоғарғы экономикалық өсім көрсеткен өңірлер қатарына қосылған аймағымыз даму жолында екенін жақсы білеміз.
Марат ОМАРОВ,
сала ардагері