Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті

Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті

Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті. Осыған орай, Баспанамен қамту жұмыстары бойынша 2024 жылы рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Кезекте тұрғандар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді 4 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, 1 мамырдан бастап "Отбасы банкімен" бірлесіп, 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыздар беретін жаңа жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, ауылдардың тұрғындары, ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. Қосымша баспанаға мұқтаж 12 мың отбасы қамтылады.








ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі бойынша жұмыс істеп тұрған 55 жылу көзін жөндеу және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілер жаңғыртылады. Бұл мақсаттарға 650 млрд теңге инвестиция тартылатын болады.

























Жол желісін дамыту бойынша 12 мың шақырым автожолдарын жөндеуден бөлек, қосымша 2,5 мың шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отыр. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі республикалық жолдардың үлесі 93 пайызға жетеді. Қосымша 24 мың жұмыс орны, 1 трлн теңге инвестиция тартылады.





















Елді мекендерді газдандыру жұмыстары бойынша 1,7 мың шақырым желіні жаңғыртылады. Бұл 300 мыңнан астам азаматқа көгілдір отынды қолжетімді етеді. Осы жылы жоспарланған 46 елді мекеннің орнына 87 елді мекен газдандырылады. Бұл жұмыстарға 195 млрд теңге бөлінеді. 
























18 наурыз 2024 ж. 119 0