Ақша жинауға көмектесетін бағдарлама
Нарықтық заманда көптің көкейінде мол қаражат көзін табу мен қаржылық қиындықты шешу жолы күрделі мәселеге айналған. Еңбектің жемісін көргісі келетін әрбір адам күнкөрістің қамы үшін өз ақшасын үнемдеуді және жинауды ұмыт қалдырады. Қазіргі уақытта ақшаны жинауға қатысты көптеген пайдалы ақпарат жеткілікті. Өз кезегінде ақша жинауға жәрдемдесетін арнайы телефон қосымшаларын ойлы оқырманға таныстыратын боламыз.
Қазіргі уақытта әлем халықтарының ішінде танымалдылыққа ие «Monefy» қосымшасы көбірек ақша жинауға пайдалы. Бұл қосымшада өзіңіздің шығындарыңыз бен кірістерді бақылауға мүмкіндік зор. Оның көмегімен бюджет құруға, несие картасы мен шот бойынша хабарландыру алуға болады. Қаржылық әдетті талдауға барынша жағдай жасалған. Қосымшаны қолдану аясында қаржылық мақсаттарды орындау үшін сан түрлі ұсыныстар түседі. Күнделікті немесе белгілі мерзімдегі шығындарды қосымша арқылы бөліп қарастыруға мүмкіндік зор. Кірістелген калькулятор бойынша статистиканы талдап, бюджетті еселеу қарастырылған.
Ал «CoinKeeper» қосымшасымен бірге болған жандар кіріс пен шығысты ұдайы назарында ұстай алады. Ол – басқалардан функциясы көптігімен ерекшеленеді. Тегін нұсқасында шығыс пен кірісті қолмен енгізу жүзеге асырылады. Шығындардың белгілі бір санаттарына шектеу қоюға, түрлі валюталарды есепке алуға барлық жағдай жасалған. Төлемдерді жоспарлауға, қолданбаны басқа ақылды гаджеттермен, компьютермен синхрондауға ықпал етеді.
«Wallet» бағдарламасын пайдаланушы жандар ақша, бюджет, қаржы және шығыс есебін ұзақ мерзімге жоспарлауға қолданады. Қаржылық есеп бағдарламасы халықаралық мәртебеге ие. Аталған «Wallet» бағдарламасы әлемдегі 4000 банкпен синхрондалады. Басқа бағдарламаларға қарағанда артықшылығы – банктегі ақпаратты импорттайды. Барлық мәліметті кестеге экспорттап, дайындап береді. Қаржыны дәл бақылауға септігін тигізетін бағдарлама толық есеп беруге қауқарлы.
Экономикалық өсім мен жылдық табыс бюджетін жоспарлай алатын жандар қаржы жинауға машықтанған. Ұдайы ақшаны тиімді жарата білуді білгенде табысты еселеуге жол ашылады. Ендеше, күнделікті қаржыны басқара білуді арнайы қосымшаның көмегімен жүзеге асыра білейік.
Балтабай Ордабеков
Фото: ашық дереккөзден