Ауыл шаруашылығы саласында - ауқымды істер
Ауданның негізгі кәсіп көзі ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. 2023 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 27 млрд 350 млн теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,9 пайызға артты.
Аудан шаруалары былтыр 36043 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде, негізгі дақыл – күріштің көлемі 23811 гектар, жаздық бидай 1723 гектар , арпа 15 гектар, мақсары 180 гектар, күнбағыс 100 гектар, жаңа жоңышқа 1846 гектар, ескі жоңышқа 7200 гектар және картоп, көкөніс, бақша 1168 гектарды құрады.
Аудан бойынша 23811 гектар күріш дақылынан 59,8 центнерден өнім алынып, барлығы 142 390 тонна астық жиналды. Егілген 1723 гектар бидайдан 1278,8 тонна өнім алынып, орта өнімі гектарына 7,4 центнерден, 15 гектар арпадан 16,5 тонна өнім алынып, орта өнімі гектарына 11,0 центнерден, 180 гектар мақсарыдан 90,0 тонна өнім алынып, орта өнімі гектарына 5,0 центнерден және 100 гектар күнбағыстан 10,0 тонна өнім алынып, орта өнімі гектарына 1,0 центнерден келді. Сонымен қатар, 1168 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары толық жиналды.
2024 жылдың егісіне 5200 тонна күріш, 435 тонна бидай, 34 тонна жоңышқа, 15 тонна мақсары, 7 тонна арпа тұқымдары құйылды. Күзгі дала жұмыстарына байланысты 7000 гектар сүдігер айдау жұмыстары жоспарланып, толық жүргізілді.
Бүгінгі күнге ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ресей, Әзербайжан, Монғолия, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне 15000 тонна ақ күріш экспорттады.
Мал азығын дайындау жұмыстары өз деңгейінде жүзеге асты. Шаруашылық құрылымдары жоңышқа дақылының 5819 гектарынан 21629 тонна мал азықтық шөп жинап, орта өнімі 40,9 центнерден келді. Жаңадан егілген жоңышқадан 1628 тонна шөп жиналып, барлығы 23257 тонна мал азығы қамтамасыз етілді.