Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордалық бірқатар кәсіпкер Мемлекет басшысының арнайы жүлдесін алды

Қызылордалық бірқатар кәсіпкер Мемлекет басшысының арнайы жүлдесін алды

Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге арналған арнайы «Іскер» жүлдесін қызылордалық «Alexey Sultan Akhmet» ЖШС иеленді. Медицина саласында өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлік үшін үлкен қуаныш екені сөзсіз. 2017 жылы бері іске қосылып, пандемия жылдарында да үздіксіз қызмет етіп келе жатқан медициналық емхананың атқарушы директоры Жайна Карлиханова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында жетістігімен бөлісті, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Біз республикада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы денсаулық сақтау саласындағы алғашқы жобалардың бірі. Жоба 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылып жатыр және осы жоба аясында бұрынғы №2 қалалық емхана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа ғимаратқа көшті. Біздің емхана 40 мыңға жуық қала тұрғынына қызмет көрсетеді. Медициналық және әкімшілік персоналды қосқанда 300-ден астам адамнан тұрады. Біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және консультативтік-диагностикалық көмектің көптеген түрлері бойынша міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде міндетті қызметтерді көрсетеміз. Біздің емхана соңғы үлгідегі МРТ, рентген, маммография және ультрадыбыстық құрылғылармен жабдықталған. 2024 жылдың 1 тоқсанында күндізгі стационары бар оңалту орталығы ашуды жоспарлап отырмыз, - деді Жайна Төреханқызы.

Биыл «Асыл дән» LTD ЖШС-іне мерейлі 10 жыл толып отыр. Күріш саласында елге қызмет ететін кәсіпкерлік нысан жыл соңында Мемлекет басшысының «Іскер» атты арнайы жүлдесін алды. 

Қанша жыл бойы өндіріс саласында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлік нысан үшін бұл жоғары жүлде. Оның үстіне бұл менің ғана емес, барлық ұжымдағы қызметкерлердің еңбегі. Оны елеп ескерген Президентімізге алғысымызды білдіреміз. Ал, біздің кәсіптегі жаңалықтармен бөліссем. Осы жылы заманауи технологиялармен жаңа зауытты іске қостық. Бұл зауыт бүкіл Еуропа құрлығындағы сертификаттарға сәйкес жұмыс істейді. Біздің мақсатымызда әу бастан осылай болған. Барынша инновациялық бетбұрыс жасап, Сыр бойының күрішін жоғары деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ішкі өнімді толықтай қамтамасыз етіп, экспортқа шығаруды көздеудеміз, - деді «Асыл дән» LTD ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Жомартов.

Мемлекет басшысының арнайы жүлдесіне ие болған қызылордалық кәсіпкерлердің қатарында «Ассоль» йодталған ас тұзын өндіретін  «Алтын Орда» ЖШС «Ұлы дала елі» конкурсының жеңімпазы атанды. 

Біз 2016 жылдан бастап йодталған ас тұзын өндіреміз. Бүгінгі күні компанияда 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жақында Елордаға барып, жеңімпаз атанып, компаниямыздың мерейі өсті. Сайыстың мақсаты – кәсіпкерлерді шыңдау, олардың жетістіктеріне қолдау көрсету. Қазіргі таңда, өнімнің 70 пайызын экспортқа жіберудеміз. Мәселен, Ресей, Беларусь, Латвия, Литва, Грузия, Моңғолстан және Қырғызстан елінде өніміміз танымалдылыққа ие болуда. Жоспарымыз – өнімнің көлемін көбейту, - деді компания директоры Нариман Абжанов айтты.


Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
21 желтоқсан 2023 ж. 95 0