Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық дәрігерлер Түркияда тәжірибе алмасты

Қызылордалық дәрігерлер Түркияда тәжірибе алмасты

Облыста былтыр екі мыңға жуық медицина қызметкері қайта даярлау курсынан өтті. Сондай-ақ, 20-дан астам ақ халатты дәрігер Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінде медицина саласының озық үлгідегі жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

-Делегация «алғашқы медициналық-санитарлық және стационарлық көмек: тәжірибемен инновациялар – БАӘ тәжірибесі» атты тақырыпта халықаралық біліктілікті арттыру курсында болды. Біріккен Араб Әмірлігі әлем бойынша ең үздік медицина саласы дамыған елдердің алғашқысына енеді. Тәжірибе алмасу барысында батыстық медицинаның артықшылықтарымен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық мекемелерді таңдау JCI халықаралық аккредиттеу стандарттарына негізделген. JCI сертификаты әлемдік медициналық қоғамдастықта «Алтын сапа» стандарты ретінде танылған, – деді Жангелді Шаймбетов.Өңірімізден тәжірибе алмасуға мүмкіндік алған дәрігер мамандар елімізде медицина саласын дамытуға өз үлестерін қоспақшы. Айтуларынша, жыл сайын шет мемлекеттердің мамандарымен бірлесе жұмыс істеудің тиімділігі зор екендігін айтады.

-Соңғы жылдары елімізде медицина саласына көңіл бөлініп, заманауи құрал-жабдықтар қамтамасыз етілуде. № 3 қалалық емхана денсаулық сақтау жүйесінде жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда емхана заманауи құралдармен толығып келеді, – деді № 3 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлістан Мақсұтова.-Біріккен Араб Әмірлігінің денсаулық сақтау жүйесіндегі артықшылығы – барлық адамдар сақтандыру жүйесіне енгізілген. Бұл жүйе арқылы кез келген медициналық ұйымда емделуге мүмкіндік қарастырылған. Коронавирус індетімен күресуде бұл ел жаппай вакцинациялау жұмысын қолға алған. Тиісінше, ел халқының 100 пайызы екпе қабылдаған, – деді Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Әмір.
27 ақпан 2022 ж. 588 0