Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көмірмен қамту мәселесі қаралды

Көмірмен қамту мәселесі қаралды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірде көмір қорын жасақтау мәселесі қаралды.

Аймақ басшысы жылу беру маусымына дайындық барысында қажетті көмір қорын жинақтау мәселесі ең өзекті екенін атап өтті.

«Бұл мәселе Мемлекет басшысының және Үкіметтің тікелей бақылауында. Мен көмір қорын дайындауды жаз айларынан бастау қажеттігін айтып келемін. Кейбір әкімдер жұмысты әлі де дұрыс ұйымдастырмаған. Бұған дейінгі жиналыстарда тиісті аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасаған болатынмын. Алайда, Арал, Қазалы және Жалағаш аудандарына қажетті көмір қорының 30 пайызы ғана жеткізілген. Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарының көмір қоймаларындағы көрсеткіш төмен. Жылу беру маусымында көмірге қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс! Операторлармен, «Қазақстан Темір Жолымен» тығыз байланысып, жұмыс жасаңыздар», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов жеткізілген отын қоры, қала, аудандардың қамтылуы туралы баяндады.

Нұрлыбек Машбекұлы барлық жауапты басшыларға жылу беру маусымына дайындық барысын қатаң бақылауды тапсырды.

Жиын қорытындысымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына жеткізілген отын қорына күнделікті мониторинг жүргізу тапсырылды. Ал Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жылу беру маусымы жоспарына сәйкес қажетті көмірді жеткізуі, қоймаларда жеткілікті қор жинауды ұйымдастыруы тиіс. Сонымен қатар жеткізілген көмірдің тұрғындарға тікелей сатылуы бақылауға алынуы керек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
01 қазан 2023 ж. 188 0