Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қолдау көп

Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қолдау көп

Мемлекеттік қолдаулардың арқасында Сыр бойында ауыл шаруашылығы саласы жүйелі даму үстінде. Биыл да бұл саланың қоржыны молайып келеді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Ғалым Баймбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

- Биыл өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша тиісті қаржы бөлініп, бекітілген жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамытуға да қомақты қаржы бөлініп, 694 шаруашылыққа қолдау көрсетілді. Қалған қаржы жыл соңына дейін толық игерілетін болады. Сондай-ақ, облыста «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен жеңілдетілген несие берілуде, - деді Ғалым Орынбасарұлы.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы институттары тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде. Мәселен, қазіргі таңда кредиттік серіктестіктері арқылы қаржыландыру жүйесі белсенді дамып келеді. Кредиттік серіктестіктерінен мал және ауыл шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген қаржыландыруға өтінім бере алады.

- Аграрлық несие корпорациясы АҚ-ы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2001 жылы құрылған болатын. Жалғыз акционер: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ы болып табылады. Жалпы, қоғамның миссиясы қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы ҚР агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына атсалысу керек. Осыған сәйкес, еліміздің 19 облысында корпорация филиалдары қызмет істеп келеді. Кредиттік серіктестіктерінің жұмысын жеңілдетілген несие қаражатымен қаржыландыру арқылы дамыту болып табылады, - деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Маханбет Тұрмаханов.
28 қыркүйек 2023 ж. 84 0