Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәжілісте әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары талқыланды

Мәжілісте әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарының жобалары, геология саласын дамыту мәселелері қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров әлеуметтік-экономикалық дамудың базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлерін көрсетіп, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды.

Жиынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде мәжіліс өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Облыстық экономика және қаржы басқармасы бюджет әкімшілерімен бірлесіп, қыркүйек айының соңына дейін Қызылорда облысының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әкімдіктің қарауына енгізуі керек. Барлық басқармалар, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне аймақ үшін маңызды жобаларға республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша Сенат және Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп жұмыс жүргізу міндеті жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
29 тамыз 2023 ж. 217 0