Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

Азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

Бүгінгі күнге басты мәселелердің бірі – азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауы. Аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылауда ұстау үшін құрылған арнайы жұмысшы топ кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аудан орталығында орналасқан сауда үйлердің қоймаларында бүгінгі күнге қолда бар азық-түлік өнімдерінің қорлары 123 тонна.

Ааудан әкімі Б.Сәрменбаев сауда дүкендерінде болып, азық-түлік бағасының тұрақтылығына бақылау жасады. Азық-түлік бағасының өсуі - тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне әсер ететін негізгі фактор болғандықтан, азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығы аудан басшысының күн тәртібінен түскен емес.

Сонымен қатар, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында 3 мәрте жәрмеңке өткізіліп, ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен ұсынылды.
08 маусым 2023 ж. 485 0