Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр қамысы экспортқа шықты

Сыр қамысы экспортқа шықты

Кәсіпкерліктің көзін табу тың идеясы бар адамдарға қиынға соқ­пайды. Әсіресе, қол­да бар затты ұқсату, оны пайдаға жаратып, табыс табу арқылы екі қолға жұмыс беру –өзекті мәселенің бірі. Қазіргідей нарықтық кезеңде мұның маңыз­дылығы жоғары. Сондықтан қарапайым кәсіптің өзінен қо­мақ­­ты пайда табуға болады.

Бұрын облыс орталығында картон зауы­ты болатын. Негізігі шикізат ретінде дария бойында өсетін қамыс пайдаланылған. Картонның көптеген түрін дайындайтын ірі зауытта мыңдаған адам жұмыс істеп, одан шығатын өнім еліміздің түкпір-түкпіріне жө­нелтілетін. Табиғи өнімді көптеген салада пайдаланып, оған деген сұраныс болатын. Қазір картон қағазы өндірістен шығып, оны пластик целлофандар ауыстырды. Адамға пайдасынан гөрі зияны көп целлофанға тыйым салған елдер де жоқ емес. Дегенмен біз­дің елде әзірге целлофан нарықтан ығысты­рылмайтын тәрізді.

Сырдариялық кәсіпкер Владимир Пан – Шағанның тумасы. Ол қамыстан картон шы­ғару­ды емес, одан құрылыс материалын әзірлеуді қолға алды. Кәсіпкер қамыстың құ­­ры­лысқа қажеттілігі туралы көп ізденген. Нақты айтқанда, Сырдың қалың қамысы таптырмас құрылыс материалы болғандықтан, оны экспортқа шығару үшін шетелмен байланыс орнатқан.

– Қыс – нағыз қамыс оратын кез. Бала кезімізде осы қамысты орып, оны баулап, жаздыгүні құрылысқа пай­да­лану үшін да­йын­­дайтынбыз. Қазір үй сала­тындардың ара­сында осы қамысты пайдаланатындар көп. Де­генмен мен қамысты Германияға экспорттауды жөн көр­дім. Себебі осы мемлекетте қамысты үйдің шатырын жабуға пайдаланады екен. Сон­дықтан қамысты құ­рылысқа пайдалануға ыңғайлы етіп, байлап, экспортқа дайындап жатырмыз. Ол үшін ауылдың жұмыссыз азаматтарын уақытша жұмыспен қамтып отырмын. Жұмысшылар қамысты орып, баулайды, – дейді кәсіпкер.

Шетелмен байланыс орнатқан ауыл кә­сіп­кері мұнан басқа да қамыс қалдықта­ры­нан жа­са­латын өнім әзірлеуді жоспарлап отыр. Яғни, қамыс тақталарын өндіру арқылы өн­дірі­сін кеңейтетін кәсіпкер келешекте 50 адам­­­ды жұмыспен қамтымақ ниетте.

Бибісара ЖАНӘЛІ
07 ақпан 2023 ж. 289 0