Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдіктерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беретін заң жобасы жасалып жатыр

Шетелдіктерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беретін заң жобасы жасалып жатыр

Қазақстан экономикасына 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беретін заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес осы кезеңде тұруына ықтиярхатты алу құқығымен Қазақстан экономикасына 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтеді Серік Жұманғарин жауабында.

Бұл ретте оның айтуынша, ең алдымен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялар, қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құру, жаңа технологиялар және қызметтер көрсету, яғни Қазақстан экономикасы үшін мультипликативті эффект беретін инвестициялар (салық түсімдері түріндегі бюджетке қосымша қаржылық түсімдер, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқалары) ескерілетін болады.
22 қазан 2022 ж. 286 0