Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қатар корпорациясы Қазақстанның ірі қара мал шаруашалығына инвестиция салуға дайын

Қатар корпорациясы Қазақстанның ірі қара мал шаруашалығына инвестиция салуға дайын

Қатар корпорациясы Қазақстанның ірі қара мал шаруашалығына инвестиция салуға дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қатардың Hassad Food деген үлкен агрокорпорациясы бар. Ол бізден қой етін сатып алады. Ал Baladnа корпорациясы (Қатардың ірі қара мал шаруашылығымен және сүт өнімдерін өндірумен айналысатын компаниясы) Қазақстанға ірі қара мал шаруашылығына инвестиция салуға дайын. Қаржы саласында Астана халықаралық қаржы орталығымен бірқатар жұмыс істелді. Олар қазір биржаға кіріп жатыр. Жалпы, біраз салада қарым-қатынасымыз, ынтымақтастығымыз дамып келеді», - деді ол Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
.
Айта кетейік, Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді қарсы алды.

Ақорда өтіп жатқан келіссөздердің қорытындысында екі елдің арасында метрология және сертификация, сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы екі келісімшартқа қол қойылмақ.
12 қазан 2022 ж. 379 0