Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

Қаржылық сауаттылықты арттыру – қай елдің, қай са­ланың болсын басым бағыты. Осы ретте қаржылық тәртіпті нығайту, қаржылық құқықбұзушылықтарды және оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою және жол бермеу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Қызылорда облысы бо­йынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Сатлабаев, Қызылорда облысы бойынша тек­серу комиссиясының бөлім басшылары С.Садикова, Ж.Абсат, Сырдария аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Есмағанбетова, Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор мең­герушісі И.Мақаш, ауданға қарасты ауыл әкімдері аппараттарының және бөлімдерінің есепшілері қатысты. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада негізгі мәселе қаралып, баяндама оқылды. «Сырдария ауданының жергілікті бюджетінің қаражатын, мемлекет активтерінің пайдалануына және бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шара қорытындысы туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мирамбек Сатлабаев тоқталып:

– Мемлекеттік аудиттің тиімділік, сәй­кестік типімен аудан бойынша 5 бөлім, 1 мемлекеттік мекеме, 1 кент, 4 ауылдық округі әкімінің аппараты қамтылған. Сондай-ақ үстеме тексерумен кент пен ауылдық округі әкімінің аппаратына ведомствалық бағыныстағы 6 ауылдық клуб пен мәдениет үйілері, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін осы аудит объектілеріне бағыныста болған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен айналысатын 9 мемлекеттік ұйым қамтылған. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелерде орын алған заң бұзушылықтар мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілді, – деді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе тал­қыланған соң тексеру комиссиясы тарапынан алдағы уақытта Қазақстан Рес­публикасы заңдылықтарының нормаларын бұзу және кемшіліктердің орын алуына жол бермеу ескертілді. Дөңгелек үстел соңында жиынға қатысушылар тарапынан ұйымдастырушыларға сұрақтар қойылып, тұшымды жауап алынды. Сондай-ақ ұсы­ныс­тар талқыланды.

«ТТ» ақпарат
11 қазан 2022 ж. 392 0