Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Cала мамандарына арналған семинар-кеңес өтті

Cала мамандарына арналған семинар-кеңес өтті

Сырдария әкімдігінің мәжіліс залында кент және ауылдық округ әкімдері мен есеп қызметкерлеріне арналған семинар-кеңесі өтті.

Аталған шарада «Төртінші деңгейдегі жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен атқарылуындағы мәселелер» бойынша Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің және Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілдері баяндама жасады.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев есеп саласындағы қызметкерлердің білімін арттыру мақсатында оқу-семинарлар өткізуді және алдағы уақытта заң нормаларындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатындағы шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда азаматтардың әлеуметтік қамтылуын, мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды жүйесінің бірі – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау болып табылады. Сондықтан мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын кең ауқымды инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру мен бюджет саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік аудиттің рөлі жоғары екені айқын.

Аудан әкімінің орынбасары кент және ауылдық округ әкімдері мен есеп қызметкерлері қаржы саласындағы заңдылықты сақтаумен қатар нақтылық пен тиянақтылыққа ерекше мән беру қажеттігін жеткізді.

24 қараша 2021 ж. 453 0