Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық 5 кәсіпорын ТМД кеңістігінде үздік сапа белгісіне ие болды

Қазақстандық 5 кәсіпорын ТМД кеңістігінде үздік сапа белгісіне ие болды

Отандық өнеркәсіп орындары қызметін сыртқы нарыққа да ұсынып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі елордадағы полиграфия орталығы. 100 адам жұмыс істейтін мекеме шағын кәсіпкерлік субъектілер арасында үздік шықса, Павлодардағы құбыр өндіретін компания ірі бизнес құрылымдардың көшін бастады. Атыраудағы бекітпе бөлшектерін шығаратын кәсіпорын мұнай-газ саласына үздік қызмет көрсетуші атанды. Бизнес серіктестер «ТМД үздік» сапа белгісін 3 жыл бойы қолданып, өнімдерін әлемдік нарыққа ұсынады. Жалпы ТМД-ға мүше елдердің сапа және метрология стандарты бірыңғай жүйеге енген. Мұндағы мақсат – тауар өндірушілердің әлеуетін жақсартып, өзара сауда айналымын арттыру.

Салтанат Әбдікәрімова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры:

- Бизнес процестердің жоғары стандартқа сәйкестендірілуі көрсетілетін қызмет пен жасалатын өнімнің сапасын жақсартуға жол ашады. Халықаралық сарапшылар осы жағдайды бағамдайды. Қазақстанның 5 бірдей кәсіпорны үздік деген бағаға ие болды. Байқаудың 17 жылдық тарихында біз мұндай көрсеткішке қол жеткізбегенбіз.

Ансабхон Зәкіров, Өзбекстан аккредиттеу орталығының басшысы:

- ТМД аймағында тауар өндірушілерді әлемдік нарыққа шығарғымыз келеді. Осыған жағдай жасау керек. Метрология және стандарттау саласындағы реестерге көптеген компанияны қосуды жоспарлап отырмыз. Тауар айналымы тек ТМД кеңістігімен шектеліп қалмайды.

17 шілде 2022 ж. 220 0