Қызылордалық 4 компания «Алтын сапа» сыйлығына үміткер
Биыл республикалық «Алтын сапа» сыйлығына Қызылорда облысынан 4 компания қатысып жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова айтты.
«Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына қызылордалық кәсіпкерлер жыл сайын белсенді қатысып, жеңімпаз қатарынан да көрініп жүр. Пандемияға қатысты туындаған қиындықтарға қарамастан биыл да 4 компания қатысуға ниет білдірді. Олар: «МИР-2001» ЖШС, «Абай-Дәулет» ЖШС, «Сана-Сезім» орталығы» ЖШС, «Алтын Орда» ЖШС. Жалпы бұл кәсіпкерлердің барлығы өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында айтарлықтай үлес қосып жүр. Кәсіпорындардың конкурсқа қажетті құжаттарын жинақтауға Кәсіпкерлер палатасы әдістемелік көмек көрсетті», – дейді Кәсіпкерлер палатасының маманы Гүлдана Таңатова.
«МИР-2001» ЖШС – нарықта 20 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Компания бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Соның ішіндегі негізгісі бетоннан жасалатын бұйымдарды өндіру.
«Абай-Дәулет» ЖШС – Қызылорда облысының аумағында құрылған көпсалалы аграрлық компания. Серіктестік күріш, бау-бақша, қой шаруашылығымен айналысады.
«Сана-Сезім» орталығы» ЖШС – Қызылорда облысында жаңа, әмбебап, жан-жақты жандандыру бағдарламасы бойынша науқастарды эндоэкологиялық оңалтуға бағытталған медициналық орталық.
«Алтын Орда» ЖШС – нарықта «Aссоль» және «Safia» брендтерімен танылған йодталған ас тұзын өндіруші, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Мұнан өзге кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарына көтерме және бөлшек сауда қызметін көрсету, ғимараттарды жалға беру кіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның өнім және/немесе қызметтер сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудағы тиімділігі, жоғары әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде ұсынылады.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары республикалық «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз», «Ұлы дала елі» конкурстарына өңірден қатысатын кәсіпкерлерге әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтижесінде:
2014 жылы
- «РЗА» АҚ «Алтын сапа» сыйлығының «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясының жеңімпазы.
2015 жылы
- ЖК «Қазбергенов» «Қазақстанның үздік тауары» конкурсында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясының жеңімпазы.
2016 жылы
- «Сыр маржаны» ЖШС «Атамекен» ҰКП-ның «Іскер» сыйлығының иегері.
2017 жылы
- «Абзал және К» «Алтын сапа» сыйлығының ТК «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясының жеңімпазы.
2018 жылы
- «Далатекс» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» конкурсында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясының жеңімпазы.
2019 жылы
- «Мағжан және К» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының ТК «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясының жеңімпазы.
- «СКЗ-U» ЖШС «Үздік инвестициялық жоба» премиясының лауреаты.
- «Абай Дәулет» ЖШС «Ұлы дала елі» конкурсының жеңімпазы.
- «Абзал және К» ТС «Парыз» сыйлығының гран-при иегері.
2020 жылы
- «Абай Дәулет» ЖШС «Атамекен» ҰКП-ның «Іскер» сыйлығының иегері атанды.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі