Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүкендерде кеңсе қағазы тағы қымбаттады

Дүкендерде кеңсе қағазы тағы қымбаттады

Қазақстанда A4 форматағы кеңсе қағазы қымбаттап жатыр.

Abdi кеңсе тауарлары желісінде бүгіннен бастап Svetocopy қағазының қаптамасы 3 500 теңге тұрады. Бұған дейін қағаз 3 мың теңгеден сатылған. Бұл 30 сәуірге дейін жалғасады, әрі қарай баға қалай өзгеретіні белгісіз. Бір адамға бес қаптамадан артық сатылмайды, деп хабарлады дүкен Sputnik Қазақстан тілшісіне.


Бұл талап Abdi сайтында да сақталған. Olx.kz сайтындағы баға да осындай – бір қаптама шамамен 4 мың теңге тұрады.

Кеңсе тауарларының интернет-дүкенінде "Снегурочка" брендінің қағазы бар, бір қаптама 4 мың теңге тұрады.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда қағаз өнімдерінің тапшылығы болмайтынын айтты. Біздің елге қағаз ең алдымен Ресейден, содан кейін Түркия және Қытайдан жеткізіледі.

Министр қазіргі импорттаушыларға қатысты кедергі туындаған жағдайда Қазақстанның баламалы бағыттары жеткілікті екенін айтты.

"Бізде қағазды кесу бойынша өндіріс бар, яғни орама қағаз әкелінеді, мұндай екі зауыт бар. Біз шикізатты осы елдерден әкелеміз", - деді ол.

Неліктен ірі сауда желілері қағаз бағасын бірнеше есе көтереді деген сұраққа Өскенбаев бұл ақпаратты арнайы органдар тексеретінін айтты. Бірақ неге баға көтерілгенін білмейтінін жеткізді.

"Баға неге қымбаттап кеткенін білмеймін. Кеше ғана менің тапсырмам бойынша Аbdi дүкендеріне кірдік. Олар 3000 теңгеден сатса, басқа дүкендер 5-6 мың теңгеден сатып жатыр. Маған таңертен Abdi де бағаны көтергенін айтты. Тиісті органдар қайта тексереді. Себебі бұл басқа органдардың құзыретінде", - деді министр.

Наурыздың ортасында Қазақстанда қағаз шамамен 1 500 теңге тұрды. Алты күн бұрын құны 3-4 мың теңгеге дейін, ал жекелеген дүкендерде 6 мыңға дейін жеткен.

Мамандар тапшылықты Қазақстанда да, Ресейде де қағаз өндірісі үшін шикізат жеткізудегі іркіліспен байланыстырды.
03 сәуір 2022 ж. 246 0